"Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің сынамасын іріктеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1576 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 тамыздағы № 1030 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 31 қазандағы № 870 қаулысымен

      Елорданың әкімшілік шекаралары шегінде Есіл өзенінің гидрологиялық режимін жақсарту, сондай-ақ Астана қаласын ауыз сумен орнықты қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында:
      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Ахметов
Серік Нығметұлы

-
 

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, жетекші

Толыбаев
Марат Еркінұлы

-
 

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі

Шолпанқұлов
Берік Шолпанқұлұлы

-
 

Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

Ескендіров
Абай Мұқашұлы

-
 

Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі

Мұхамбетов
Мирлан Бегежанұлы

-
 

Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі

Крылов
Василий Леонидович

-
 

Астана қаласы әкімінің орынбасары

Айтмұхаметов
Қосман Қайыртайұлы

-
 

Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары

Сайдуақасов
Мұрат Ашметұлы

-
 

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының міндетін атқарушы

Галиев
Владислав Германович

-
 

Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының орынбасары


Шкарупа
Анатолий Валерьевич


-


Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары.

      2. Жұмыс тобы бір ай мерзімде елорданың әкімшілік шекарасы шегінде Есіл өзенінің гидрологиялық режимін жақсарту және Астана қаласын ауыз сумен орнықты қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимыл жоспарын әзірлесін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізсін.
      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары С.Н. Ахметовке жүктелсін.

      Премьер-Министр                                  К. Мәсімов