"Астана қонақ үйі" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 тамыздағы № 1023 Қаулысы

      «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Астана қонақ үйі» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және оны пайдалану құқықтары Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасына берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті және Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша) осы қаулының 1-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2012 жылғы 4 тамыздағы
№ 1023 қаулысымен   
бекітілген       

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар

      1. «Қазақстан Республикасы Президентінің Iс Басқармасының мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 29 қарашадағы № 1455 қаулысында:
      көрсетілген қаулының 2-қосымшасы мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «Астана қонақ үйі» АҚ».
      2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
      Иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 238-12-жолмен толықтырылсын:
      «238-12 «Астана қонақ үйі» АҚ».
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.