"Техникалық байқау орталықтарының тiзiлiмiн жүргiзу қағидасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 17 мамырдағы № 524 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 шілдедегі № 1003 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 12 қазандағы № 821 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 12.10.2015 № 821 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. «Техникалық байқау орталықтарының тiзiлiмiн жүргiзу қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 17 мамырдағы № 524 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 39, 475-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Техникалық байқау операторларының тiзiлiмiн жүргiзу қағидаларын бекiту туралы»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса берiлiп отырған Техникалық байқау операторларының тiзiлiмiн жүргiзу қағидалары бекiтiлсiн.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Техникалық байқау орталықтарының тiзiлiмiн жүргiзу қағидасында:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Техникалық байқау операторларының тiзiлiмiн жүргiзу қағидалары»;
      12 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Техникалық байқау операторларының тiзiлiмiн жүргiзу қағидалары (бұдан әрi – Қағида) «Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шiлдедегi Заңының 18-1-бабының 1-тармағына сәйкес әзiрлендi және техникалық байқау операторларының тiзiлiмiн жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi.
      2. Техникалық байқау операторларының тiзiлiмi (бұдан әрi – тiзiлiм):
      1) механикалық көлiк құралдарына және олардың тiркемелерiне мiндеттi техникалық байқау жүргiзудi жүзеге асыратын техникалық байқау операторларының бiрыңғай тiзбесiн жасау;
      2) техникалық байқау операторларының механикалық көлiк құралдарына және олардың тiркемелерiне мiндеттi техникалық байқау жүргiзу тәртiбiнiң және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгiленген талаптардың сақталуына мемлекеттiк бақылауды қамтамасыз ету мақсатында құрылады.
      3. Тiзiлiм бiрыңғай, мерзiмдiк нақтыланатын техникалық байқау операторларының және олар туралы барлық қажеттi ақпараттық-анықтамалық сипаттағы мәлiметтердi қамтитын тiзбенi бiлдiредi.»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Тiзiлiмге енгiзу үшiн дара кәсiпкер немесе заңды тұлға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) өтiнiш;
      2) заңды тұлға үшiн – заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi;
      3) дара кәсiпкер үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың және дара кәсiпкер ретiнде тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi;
      4) техникалық байқау операторының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тiркеу жүргiзiлгенi туралы мөртабан қойылған, жылжымайтын мүлiкке меншiк немесе оны иелену және пайдалану құқығын растайтын құжаттардың нотариалды куәландырған көшiрмелерi;
      5) сынақ жабдығын аттестаттау және өлшем құралдарын салыстырып тексеру сертификаттарының көшiрмелерi;
      6) осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сынақ жабдықтары мен өлшеу құралдары туралы ақпарат.»;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Көлiктiк бақылау органдары өтiнiштi оған қоса берiлiп отырған құжаттармен бiрге ол берiлген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қарайды.»;
      9-тармақ алынып тасталсын;
      11121314 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Тiзiлiмге енгiзу туралы шешiм бұйрық нысанында ресiмделедi.
      Тізілімге енгізгенде немесе тiзiлiмге енгiзуден бас тартқан кезде көлiктiк бақылау органдары өтiнiш берушiге осы Қағиданың 8-тармағында көрcетiлген мерзiмде тізілімге енгізу туралы жазбаша хабарламаны немесе жазбаша дәлелденген бас тартуды жiбередi.
      12. Көлiктiк бақылау органдары тiзiлiмге енгiзу туралы бұйрық шыққан күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi органға:
      1) техникалық байқау операторының атауын;
      2) техникалық байқау операторының мекенжайын және байланыс телефонын;
      3) техникалық байқау орталығының мекенжайын және байланыс телефондарын;
      4) техникалық байқаудың стационарлық желiсiнiң орналасқан жерiн;
      5) техникалық байқаудың стационарлық және ұтқыр желiлерiнiң үлгісін және санын;
      6) техникалық байқау операторы қызметiнiң өңiрiн қамтитын ақпаратты ұсынады.
      13. Уәкiлеттi орган тоқсан сайын тiзiлiмнiң мерзiмдiк баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тiлдерiнде жариялануын жүзеге асырады және өзiнiң www.mtc.gov.kz ғаламтор-ресурсында орналастырады.
      14. Тiзiлiмге енгiзiлген техникалық байқау операторы көлiктiк бақылау органдарына тiзiлiмге енгiзу кезiнде ұсынылған мәлiметтер мен құжаттардың қандай да бiр өзгерiстерi туралы осындай өзгерiстер енгiзiлген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде хабарлайды.
      15. Көлiктiк бақылау органдары тiзiлiмге енгiзу кезiнде ұсынылған мәлiметтер мен құжаттардың қандай да бiр өзгерiстерi туралы хабарламаны алған күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi органға техникалық байқау операторының мәлiметтерi мен құжаттарының өзгерiстерi туралы ақпаратты ұсынады.»;
      1920 және 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «19. Тiзiлiмiнен алып тастау үшiн:
      1) дара кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның техникалық байқау операторларының тiзiлiмiнен ерiктi түрде алып тастау туралы өтiнiшi;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дара кәсiпкер қызметiнiң тоқтатылуы, заңды тұлғаның таратылуы немесе қайта ұйымдастырылуы;
      3) техникалық байқау операторларының тiзiлiмiне енгiзу кезiнде көрiнеу дәйексiз ақпарат ұсыну;
      4) механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқаудан өткiзу, жөндеу, оларға техникалық қызмет көрсетулер бойынша көрсетiлетiн қызметтердi қоса атқару;
      5) механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқауды жүзеге асыру саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылықты бiр жыл iшiнде қайталап жасау негiз болып табылады.
      20. Техникалық байқау операторларының тiзiлiмінен алып тастау туралы хабарлама көліктік бақылау органы тиiстi шешiм қабылдағаннан кейiн үш жұмыс күнi iшiнде дара кәсiпкерге немесе заңды тұлғаға жiберiледi.
      21. Тiзiлiмнен алып тастау техникалық байқау операторы қызметiнiң тоқтауына алып келедi.»;
      көрсетілген Қағидаға 1-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2012 жылғы 30 шілдедегі
№ 1003 қаулысына   
қосымша       

Техникалық байқау операторларының
тiзiлiмiн жүргiзу қағидаларына
1-қосымша           

Техникалық байқау операторларының тiзiлiмi

Р/с

Техникалық байқау операторының атауы

Техникалық байқау операторының мекен-жайы және байланыс телефоны

Техникалық байқаудың стационарлық желiсiнiң орналасқан жерi

Техникалық байқаудың стационарлық желiсiнiң жұмыс iстеу режимi

Техникалық байқаудың стационарлық желiсiнiң типi және саны

Техникалық байқаудың ұтқыр желiсiнiң типi және саны

Техникалық байқау оператолары қызметiнiң өңiрi

Техникалық байқау операторының тiзiлiмiне енгiзiлетiн өзгерiстер және толықтырулар

Техникалық байқау операторының тiзiлiмінен алып тастау

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10