"Көшпенділердің мәдени мұрасы проблемалары жөніндегі қазақ ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен "Мәдени саясат және өнертану институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігін қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 шілдедегі № 999 Қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің "Қазақ экология және климат ғылыми-зерттеу институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Жасыл даму" акционерлік қоғамына (бұдан әрі – қоғам) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қоғам қызметінің негізгі мәні:

      1) Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясына Киото хаттамасын үйлестіру және іске асыру жөніндегі уәкілетті органның қызметін техникалық және консультациялық қамтамасыз ету;

      2) Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясына Киото хаттамасымен реттелетін климаттың өзгеруі мен парниктік газдар шығарындылары және Тұрақты органикалық ластағыштар туралы Стокгольм конвенциясымен, Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды жоюды бақылау туралы Базель конвенциясымен, Халықаралық саудадағы жекелеген қауіпті химиялық заттар мен пестицидтерге қатысты алдын ала негізделген келісімнің рәсімі туралы Роттердам конвенциясымен; Озон қабатын қорғау туралы Вена конвенциясымен; Үлкен қашықтықтарға ауаның трансшекаралық ластануы туралы конвенциямен; Озон қабатын бұзатын заттар бойынша Монреаль хаттамасымен; Озон қабатын бұзатын заттар бойынша Монреаль хаттамасымен және оған Лондон түзетуімен реттелетін қауіпті қалдықтарды басқару саласындағы ғылыми-зерттеу қызметі;

      3) сот шешімімен республикалық меншікке түскен иесіз қауіпті қалдықтарды басқару;

      4) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қағидатын іске асыру болып айқындалсын.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.01.2022 № 20 қаулысымен.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) қоғамның жарғысын бекітуді;

      2) қоғамның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      3) Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқығын беруді;

      4) осы қаулыны іске асыру бойынша өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

      4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 26 шілдедегі
№ 978 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      2. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

      "Астана қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-153-жолмен толықтырылсын:

      "21-153 "Жасыл даму" акционерлік қоғамы".

      3. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 300-2-жолмен толықтырылсын:

      "300-2. "Жасыл даму" акционерлік қоғамы".

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.

      5. "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1201 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 46, 554-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4.Жасыл даму" акционерлік қоғамы".

      6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.06.2022 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.