"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 шілдедегі № 962 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.08.2022 № 581 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 40, 522-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ережеде:

      13-тармақ мынадай мазмұндағы 138-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "138-1) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерциаландыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов