Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.06.2015 № 449 қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
Қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Салық салуда жеңiлдiгi бар мемлекеттердiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1318 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 47, 537-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген салық салуда жеңiлдiгi бар мемлекеттердiң тiзбесiнде:
50-тармақ алынып тасталсын.
2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов