Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.06.2022 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 мамырдағы № 511 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 38, 461-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі" деген бөлімде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 69-1-жолмен толықтырылсын:
"69-1. "Академик Ш.Ш. Шокин атындағы Қазақ энергетикалық ғылыми-зерттеу институты" акционерлік қоғамы".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |