Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімдігінің 08.07.2014 № а-7/133 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) қаулысымен.
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексiнiң 56-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуiрдегi Заңының 11-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 7 сәуiрдегi № 394 қаулысымен бекітілген «Үйде оқитын және тәрбиеленетiн мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшiн құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет стандартына сәйкес, Егіндікөл ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға тоқсан сайын 6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары З.Қ. Жұматоваға жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Егіндікөл ауданының әкімі Б.Сұлтанов