"Қосылған құн салығы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінде (Салық кодексі), "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасын

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 885 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 754 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын әзірлеу мен келісу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 маусымдағы № 630 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын әзірлеу мен келісу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына:

Ысқақов                  - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны
Марлен Нұрахметұлы         қорғау вице-министрі

Қасымбек                 - Қазақстан Республикасының Көлік және
Жеңіс Махмұдұлы            коммуникация министрлігінің жауапты
                           хатшысы

Құсайынов                - Қазақстан Республикасының экономикалық  Марат Әпсеметұлы           даму және сауда вице-министрі енгізілсін;

      көрсетілген құрамнан: Азат Ғаббасұлы Бектұров, Руслан Ескендірұлы Бөлтіріков, Абай Мұқашұлы Ескендіров шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов