"Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау, лицензиялау саласындағы жергілікті атқарушы органдардың қызметін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның бақылауды ж

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 маусымдағы № 864 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 754 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.01.2016 № 43 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі.

      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-5/280 бұйрығын қараңыз.

      «Мақта саласын дамыту туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 6-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу және шитті мақтаның сапасы туралы куәлік беру қағидалары;
      2) шитті мақтаның сапасы туралы куәліктің нысаны (үлгісі);
      3) мақта талшығының сапасы паспортының нысаны (үлгісі) бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің     
2012 жылғы 28 маусымдағы
№ 868 қаулысымен   
бекітілген     

Шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу және шитті мақтаның
сапасы туралы куәлік беру қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу және шитті мақтаның сапасы туралы куәлік беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мақта саласын дамыту туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 6-бабының 9) тармақшасына сәйкес әзірленді және шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу және шитті мақтаның сапасы туралы куәлік беру тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) мақта өңдеу ұйымы - меншiк құқығында мақта тазалау зауыты бар, мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі жөнiнде қызметтер көрсететiн заңды тұлға;
      2) өтініш беруші – шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізуге өтінім берген жеке немесе заңды тұлға;
      3) сынау – шитті мақтаның бір немесе бірнеше сипаттамаларын анықтаудан тұратын техникалық операция;
      4) шитті мақта партиясы – сапасы туралы бір ілеспе құжатпен ресімделген бір селекциялық және өндірістік сорттағы, түрдегі және сыныптағы шитті мақтаның саны;
      5) шитті мақтаның сапасы туралы куәлік – шитті мақта сапасының нақты көрсеткіштерін және олардың стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттың талаптарына және (немесе) шарттың (келісімшарттың) талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжат;
      6) шиттi мақтаның сапасына сараптама жасау - сынаманы iрiктеу мен сынақтан өткізудi, шиттi мақтаның сапасы туралы куәлiктi ресiмдеудi қамтитын шиттi мақта сапасының нақты көрсеткiштерiн анықтау мен растауға бағытталған шаралар кешенi;
      7) шитті мақтаның сапасын сараптама жасау жөніндегі зертхана (орталық) – шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу және шитті мақтаның сапасы туралы куәлік беру құқығына Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласында аккредиттеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен аккредиттелген шитті мақтаның сапасына сараптама жасау жөніндегі сынақ зертханасы (орталығы) (бұдан әрі – зертхана (орталық)).
      3. Зертхана (орталық) жүзеге асыратын шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу жөніндегі жұмыс түрлері аккредиттеу жөніндегі орган берген аккредиттеу аттестатымен расталады.
      4. Шитті мақтаның сапасы туралы куәлік бiр мекен-жайға, көлiк құралының бiр түрiмен тиеп жөнелтiлетiн немесе бiр уақытта сақтауға арналған шитті мақтаның әрбiр бiртектi партиясына берiледi.

2. Шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу және шитті
мақтаның сапасы туралы куәлік беру тәртібі

      5. Шитті мақтаның сапасына сараптама жасау:
      1) сынамалар іріктеуді;
      2) сынақтар өткізуді;
      3) шитті мақтаның сапасы туралы куәлік ресімдеуді қамтиды.
      6. Шитті мақтаның сапасына сараптама жасау зертхана (орталық) мен өтініш беруші арасында жасалған шитті мақтаның сапасына сараптама жасау жөніндегі жұмысты жүргізуге арналған шарт негізінде жүргізіледі.
      7. Өтініш беруші зертханаға (орталыққа) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізуге өтініш береді, ол тіркеледі және оны зертхана (орталық) меңгерушісі өтінім берілген сәттен бастап 24 сағат ішінде қарайды.
      8. Зертхана (орталық) меңгерушісі шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу жөніндегі маманды (бұдан әрі – зертхана (орталық) маманы) айқындайды, оған тапсырма мен өтініштің көшірмесі беріледі.
      9. Сынамаларды iрiктеу Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнің Техникалық реттеу және метрология комитетi төрағасының 2006 жылғы 28 желтоқсандағы № 572 бұйрығымен бекiтiлген ҚР СТ РСТ Өз 643-2006 «Шиттi мақта. Сынамаларды iрiктеу әдiстерi» Қазақстан Республикасының ұлттық стандартына сәйкес өтiнiм тiркелген сәттен бастап 24 сағаттан аспайтын мерзiмде жүргiзiледi.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.07.2013 № 735 қаулысымен.
      10. Сынамаларды іріктеуді зертхана (орталық) маманы өтініш берішінің немесе оның өкілінің және мақта өңдеу ұйымы өкілінің қатысуымен жүргізеді.
      Сынамаларды іріктеу осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес сынамаларды іріктеу актімен ресімделеді. Сынамалар осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес № 1 нысандағы шитті мақта сынамаларын тіркеу журналына тіркеледі.
      11. № 1 нысандағы шитті мақта сынамаларын тіркеу журналы нөмірленіп, зертхана (орталық) меңгерушісінің қолымен бекітіледі.
      12. Шитті мақтаның іріктеп алынған сынамаларында тастар, қорапшалар немесе олардың қалқандары, жапырақтар түріндегі бөгде қоспалардың болуына жол берілмейді.
      Зиянкестермен және аурулармен (өсімдік биті, гоммоз, бактериялы-саңырауқұлақты ауру, «балтамшы») залалданған шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізуге жол берілмейді.
      13. Сынақтар өтінімде көрсетілген сапа көрсеткіштері мен сынақ әдістері бойынша органолептикалық (шитті мақтаның сыртқы түрін стандарттық үлгілермен салыстыру жолымен) және инструменталдық бағалау арқылы зертханада (орталықта) жүргізіледі.
      Сынақ нәтижелері бойынша сорт, түр, сынып, ластану және ылғал көрсеткіштері міндетті түрде айқындалады, шитті мақтаның өзге сапа көрсеткіштері өтініш берушінің талабы бойынша айқындалады.
      Сынақ жүргізу мерзімдері зертхана (орталық) мен өтініш беруші арасында жасалған шартта ескеріледі.
      14. Сынақтан өткен, полиэтилен пакетпен оралған және зертхана (орталық) маманы мөрлеген шитті мақта сынамалары зертханада (орталықта) мынадай мерзім ішінде:
      1) тиеп жөнелтілген және сақтаулы партияларға – шитті мақтаның сапасы туралы куәліктің күші мерзімі ішінде;
      2) сапа бойынша келіспеушіліктер болған жағдайда – келіспеушіліктерді қарау толығымен аяқталғанға дейін сақталады.
      Сынақтан өткен шитті мақта сынамалары сөрелермен және қажет болса көтеру механизмдерімен жабдықталған, едендік төсемі бар үй-жайда сақталады. Сынамаларды сақтауға арналған үй-жайда сыз бен көгеру іздеріне жол берілмейді.
      15. Сараптама нәтижелері алынғаннан кейін 24 сағат аспайтын мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нысан бойынша шитті мақтаның сапасы туралы куәлік өтініш берушінің жеке өзіне немесе сенімхат бойынша оның өкіліне беріледі, көшірмесі зертханада (орталықта) қалады және бір жыл бойы сақталады.
      16. Шитті мақтаның сапасы туралы куәлік түсінікті етіліп және түзетулерсіз толтырылады.
      17. Шитті мақтаның сапасы туралы куәлік осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес № 2 нысандағы журналға тіркеледі.
      18. Шитті мақтаның сапасы туралы куәліктің қолданылу мерзімін зертхана (орталық) белгілейді, бірақ ол күнтізбелік 30 күннен аспайды.

Шитті мақтаның сапасына сараптама
жүргізу және шитті мақтаның сапасы
туралы куәлік беру қағидаларына  
1-қосымша               

20__жыл «__» ___________

шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізуге №___ өтінім

Өтініш беруші _______________________________________________________
Мекенжайы ___________________________________________________________
Телефон, факс _______________________________________________________
_________________________________ мақта өңдеу ұйымында сақтаулы,
            (атауы)
________________________________________________________ арналған,
            (мақсаты көрсетілсін)
салмағы _______________________________________________________ тонна
                          (жазбаша)
шитті мақта партиясының сапасына сараптама жүргізуді өтінемін.
      Сынақтар мынадай сынақ көрсеткіштері мен әдістері бойынша жүргізіледі:
_____________________ ________________________________ _____________
  (көрсеткіш атауы)     (стандарттың нөмірі және күні)    (норма)

Өтініш беруші ______________ ________________________________________
                  (қолы)                   (Т.А.Ә.)
      М.П.

Зертхана (орталық) маманы ______________________ орындауға жіберілді.
                               (Т.А.Ә.)
Орындалуы туралы белгі: _____________________________________________

Шитті мақтаның сапасына сараптама
жүргізу және шитті мақтаның сапасы
туралы куәлік беру қағидаларына  
2-қосымша               

№ _______
сынамаларды іріктеу актісі 20____жылғы «___»_______________

      Шитті мақтаның сапасына сараптама жасау жөніндегі жұмыстар жүргізуге зертхана (орталық) мен өтініш беруші арасында жасалған 20__ жылғы «__» ________ № ___ шарт (келісімшарт) негізінде, мен, ________ __________________________________ шитті мақтаның сапасына сараптама
      (зертхана (орталық) атауы)
жөніндег жүргізу жөніндегі маманы ___________________________________
                                            (Т.А.Ә)
_________________________________________________________ қатысуымен
    (өтініш берушінің, мақта өңдеу ұйымы өкілінің Т.А.Ә)
_____________________________________ қолданыстағы стандартқа сәйкес
      (стандарттың № мен күні)
шитті мақтаның сынамаларын іріктеп алдым.

      Шитті мақтаның тұрған жері ____________________________________
                                    (мақта өңдеу ұйымының атауы)
      Шитті мақта партиясының № _____________________________________
                                          (жазбаша)
      Партия салмағы __________________________________________ тонна
                                          (жазбаша)
      Іріктелген сынама саны __________________________________ дана
                                          (жазбаша)
      Іріктелген сынама салмағы, кг _________________________________
                                          (жазбаша)

      Сынамаларды іріктеу күні мен уақыты: 20_жыл «_» _ _сағ. __ мин.
      Зертхана (орталық) маманы: __________ _________________________
                                   (қолы)             (Т.А.Ә.)
      Мақта өңдеу ұйымының өкілі: ___________ _______________________
                                   (қолы)             (Т.А.Ә.)
      Өтініш беруші:_______________ _________________________________
                        (қолы)                   (Т.А.Ә.)

Шитті мақтаның сапасына сараптама
жүргізу және шитті мақтаның сапасы
туралы куәлік беру қағидаларына  
3-қосымша               

№ 1 нысан

Шитті мақта сынамаларын тіркеу журналы

Р/с №

Күні

Өтініш беруші

Сынамалар іріктеу жүргізілген мақта өңдеу ұйымының атауы

Партия салмағы, тонна

Сынамаларды іріктеу актісінің № мен күні

Сынаманы іріктеген маманның қолы

1

2

3

4

5

6

7















Шитті мақтаның сапасына сараптама
жүргізу және шитті мақтаның сапасы
туралы куәлік беру қағидаларына  
4-қосымша               

№ 2 нысан

Шитті мақтаның сапасы туралы куәліктерді тіркеу журналы

Р/с №

Куәліктің берілген күні және нөмірі

Шитті мақта иесі

Сынамалар іріктелген орын

Сынамаларды іріктеу актісінің № мен күні

Партия № мен салмағы

Сынаманы іріктеген маманның Т.А.Ә. және қолы

1

2

3

4

5

6

7















Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 28 маусымдағы
№ 868 қаулысымен   
бекітілген     

Нысан (үлгі)
Форма (образец)

МАҚТА ТАЛШЫҒЫ САПАСЫНЫҢ ПАСПОРТЫ № 0000001
___________________________________________________
ПАСПОРТ КАЧЕСТВА ХЛОПКА-ВОЛОКНА № 0000001

20___жыл «____»______          «____»________20___жылға дейін жарамды
«___»_______20___год           Действителен до «____»_______20___года

Мақта өңдеу ұйымының атауы және орналасқан жері
___________________________________________________________________
Наименование и местонахождение хлопкоперерабатывающей организации
Шығу тегі
____________________________________________________________________
Происхождение
Мақта тазалау зауытының коды _____ Партия № ____ Бума № ____________
Код хлопкоочистительного завода    Партия №      Кипа №
Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар
____________________________________________________________________
Нормативные документы по стандартизации
Селекциялық сорт ________ Түрі ______ Сорт _________ Сыныбы ________
Селекционный сорт         Тип         Сорт           Класс

Штапель ұзындығы 1/32 дюйм (Staple)
__________________________________
Штапельная длина в 1/32 дюйма (Staple)
Шағылысу коэффициенті (Rd)
________________________________ %
Коэффициент отражения (Rd)
Трэш коды (Т)
__________________________________
Трэш код (Т)
Қоқсықты қоспалар саны (Cnt)
______________________________ шт.
Число сорных примесей (Cnt)
Ұзындығы бойынша біркелкілік индексі (Unf)
________________________________ %
Индекс равномерности по длине (Unf)
Үлестік үзіліс жүктелімі (Str)
_________________________________
Удельная разрывная нагрузка (Str)
Қоспалардың болуы
__________________________________
Наличие примесей

Микронейр (Mic)
_______________________________
Микронейр (Mic)
Сарғаю мөлшері (+b)
_______________________________
Степень желтизны (+b)
Арамшөп қоспаларының алаңы (Area)
_____________________________ %
Площадь сорных примесей (Area)
Жоғарғы орташа ұзындығы (UHM)
_______________________________
Верхняя средняя длина (UHM)
Қысқа талшықтың индексі (SFI)
_____________________________ %
Индекс коротких волокон (SFI)
Үзілгендегі созылу (Elg)
_____________________________ %
Удлинение при разрыве (Elg)
Жабысқақтығының болуы
_______________________________
Наличие клейкости

Зертхана меңгерушісі
_____________________________________________________________________
Заведующий лабораторией (центром)                               МО

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 28 маусымдағы
№ 868 қаулысымен   
бекітілген     

Нысан (үлгі)
Форма (образец)

Шитті мақта іріктелген күн 20___жылғы «____»____________________ «____»__________________20___жылға дейін жарамды
Дата отбора проб хлопка-сырца «____»__________________20___год Действителен до «____»__________________20___года

Шитті мақтаның сапасына сараптау жасау жөніндегі зертхананың атауы
_____________________________________________________________________
Наименование лаборатории (центра) по экспертизе качества хлопка-сырца
Аккредиттеу аттестатының № және күні ______________ Мекенжайы _______
№ и дата аттестата аккредитации                     Адрес

ШИТТІ МАҚТАНЫҢ САПАСЫ ТУРАЛЫ КУӘЛІК № ____________________________________________________
УДОСТОВЕРЕНИЕ О КАЧЕСТВЕ ХЛОПКА-СЫРЦА №

20___ж. «____» _____________________ сынамаларды іріктеу актімен қоса сараптамаға берілген шитті мақтаның сынамасына ______________________
_____________________________________________________________ берілді
Выдано на пробу хлопка-сырца, представленную на экспертизу с актом отбора проб № _______ от «____»____________20___года ________________
_____________________________________________________________________
Шитті мақтаның сорты _ Егін жылы __ Партия № __ Жинау түрі__ Мақсаты_
Сорт хлопчатника       Год урожая   № партии    Вид сбора  Назначение

Өнеркәсіптік сорт ___________________
Промышленный сорт
Түрі ________________________________
Тип
Сыныбы ______________________________
Класс

Арамшөп қоспаларының салмақ үлесі
_________________________ %
Массовая доля сорных примесей
Ылғалдың салмақ үлесі
_________________________ %
Массовое отношение влаги
Басқалары
___________________________
Прочие

Зертхана меңгерушісі ________________________________________________
Заведующий лабораторией (центром) МО