Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.09.2015 № 754 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Тауар биржалары арқылы өткізілетін биржалық тауарлардың тізбесін және ұсынылатын партиялардың ең аз мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 375 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 30, 376-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген тауар биржалары арқылы өткізілетін биржалық тауарлардың тізбесінде және ұсынылатын партиялардың ең аз мөлшерінде реттік нөмірлері 9, 10 және 11-жолдар алынып тасталсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов