"Бухгалтерлiк есеп пен аудит саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 26 мамырдағы № 476 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 21 маусымдағы № 812 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1448 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1448 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. «Бухгалтерлiк есеп пен аудит саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 26 мамырдағы № 476 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 35, 281-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген «Бухгалтерлердiң кәсiби ұйымын аккредиттеу туралы куәлiк беру» мемлекеттік қызмет стандартында:
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Кәсіби ұйымды аккредиттеу туралы куәлiк алу үшiн мыналарды ұсыну қажет:
      1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қазандағы № 1248 қаулысымен бекiтiлген Кәсіптік ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидаларына (бұдан әрi – Аккредиттеу қағидалары) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
      2) мынадай құжаттардың түпнұсқалары мен көшiрмелерi: жарғы, мемлекеттiк тiркелгенi және салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi (бар болса – бизнес-сәйкестендіру нөмірі) берiлгенi туралы куәлiктер немесе салыстыру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда осы құжаттардың нотариалды расталған көшiрмелерi;
      3) ұйымның жарғысына сәйкес бекітілген халықаралық тәжiрибеге сәйкес келетiн және оның барлық мүшелерi үшiн мiндеттi болып табылатын кәсіби бухгалтерлердің этика кодексi;
      4) Аккредиттеу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіби ұйымдардың құрамы туралы мәлiметтер;
      5) Аккредиттеу қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіби ұйымдардың құрылымы, жұмыс органдарының болуы туралы мәлiметтер;
      6) оқыту іс-шараларын өткізу жоспарын көрсете отырып, өз мүшелерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру жүйесiнiң бар екенiн растайтын құжаттар.
      Аккредиттеу жүргізу үшін осы тармаққа сәйкес ҚБК-ға ұсынған барлық құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесі ҚБК құжаттарды қабылдаған күні туралы белгі қойылып, тапсырылған күні өтініш берушіге жіберіледі (тапсырылады).
      Осы тармақтың 4), 5), 6) тармақшаларында санамаланған құжаттар қағаз және электрондық тасығыштарда мемлекеттiк және орыс тілдерінде берiледі.
      Заңды тұлғаның атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген, қайта ұйымдастырылған, заңды мекенжайы өзгерген жағдайда кәсіби ұйымды аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу үшін күнтізбелік он бес күн ішінде мыналарды ұсыну қажет:
      1) тиісті өзгерістер туралы жазбаша хабарлама;
      2) Аккредиттеу қағидаларының 2-тармағына сәйкес құжаттарды қоса бере отырып, кәсіби ұйымды аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу туралы өтініш.
      Кәсіби ұйым аккредиттеу туралы куәлiктi жоғалтқан жағдайда:
      1) жоғалғаны белгiлi болғаннан кейiн күнтiзбелiк бес күн iшiнде мерзiмдi баспа басылымдарында сериясын, нөмірiн және берiлген күнiн көрсете отырып, аккредиттеу туралы куәлiктi жарамсыз деп тану туралы жариялауы;
      2) жоғалғаны белгiлi болғаннан кейiн күнтiзбелiк он бес күн iшiнде ҚБК-ға аккредиттеу туралы куәлiктi жарамсыз деп тану және телнұсқасын беру туралы өтiнiш беруі қажет.
      ҚБК өтініш берілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жаңа нөмір бере отырып және жоғарғы оң жақ бұрышында «Телнұсқа» деген жазуы бар аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын береді.»;
      15-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «ҚБК өтініш берушіден аккредиттеуге арналған құжаттар түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде осы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген, ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша уәждемелі бас тарту береді.»;
      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «17. Мыналар осы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады:
      1) дұрыс емес құжаттар ұсыну;
      2) Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасы талаптарының бұзылуы;
      3) консультативтік органның құрамына кәсіби ұйым мүшелерiнің аккредиттеу қағидаларында белгiленген санының жiберілмеуі және олардың толыққанды жұмысының қамтамасыз етілмеуі;
      4) белгiлеген тәртiппен ҚБК-ға өзiнiң қызметi туралы есептiлiктің ұсынылмауы;
      5) халықаралық және ұлттық стандарттарды қолдану жөнiндегi сұраулардың қаралмауы.
      Кәсіби ұйымдар көрсетілген бұзушылықтарды жойған кезде аккредиттеу туралы өтiнiш Аккредиттеу қағидаларына сәйкес қаралады.»;
      2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген «Бухгалтерлердi кәсiптік сертификаттау жөнiндегi ұйымды аккредиттеу туралы куәлiк беру» мемлекеттiк қызметтер стандартында:
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Сертификаттау жөнiндегi ұйымды аккредиттеу туралы куәлiк алу үшiн мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
      1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қазандағы № 1248 қаулысымен бекiтiлген Кәсіптік ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидаларына (бұдан әрi – Аккредиттеу қағидалары) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
      2) мынадай құжаттардың түпнұсқалары мен көшiрмелерi: қызметiнiң негiзгi түрлерiнiң бiрi бухгалтерлердi кәсіби сертификаттау жөнiндегi ұйым ретiндегi қызмет деп көзделетін жарғы, мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiк және салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi (бар болса – бизнес-сәйкестендіру нөмірі) берiлгенi туралы куәлiк немесе салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда осы құжаттардың нотариалды расталған көшiрмелерi;
      3) бухгалтерлердiң аккредиттелген кәсіби ұйымымен өзара іс-қимыл жасау туралы келісім;
      4) Аккредиттеу қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификаттау жөніндегі ұйымның құрылымы, жұмыс органдарының болуы туралы мәлiметтер;
      5) Аккредиттеу қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бухгалтерлiк есеп», «Салық және салық салу» және «Азаматтық құқық» пәндерi бойынша оқудан тәуелсіз емтихан жүйесiнiң бар екенiн растайтын мәліметтер;
      6) мыналар:
      тест сұрақтары мен ахуалдық есептерді қамтитын емтихандық модульдердiң құрылымы;
      сертификаттау пәндерi бойынша емтихандардың кемінде үш сағат ұзақтығы;
      кәсіби бухгалтерге кандидаттардың (бұдан әрі – кандидат) жұмыстарына тексеру жүргiзу күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзiмi;
      соңғы сертификаттау пәні бойынша сертификаттар берудің оң нәтиже алынған күннен бастап он төрт күннен аспайтын мерзімі;
      нәтижесi бекiтілген күннен бастап келесi үш жылдың iшiнде ғана жарамды деп танылатын «Халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына сәйкес бухгалтерлiк есеп» пәнi бойынша, нәтижесi бекiтілген күннен бастап келесi бес жылдың iшiнде ғана жарамды деп танылатын «Салық және салық салу» және «Азаматтық құқық» пәндерi бойынша кандидаттың оң нәтиже алуы;
      кандидаттардың құқықтары, мiндеттерi мен жауапкершiлiктерi көрсетілген бухгалтерлердi кәсiптік сертификаттау жөнiндегi емтихандарды ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi туралы бекiтiлген ереже;
      7) Аккредиттеу қағидаларына 6-қосымшаға сәйкес емтихан комиссиясы төрағасының, оның мүшелерiнiң, тәуелсiз байқаушылардың құқықтарын, мiндеттерi мен жауапкершiлiктерiн және оның құрамын көрсете отырып, көрсетілген комиссия туралы бекiтiлген ереже;
      8) арызды қарау мерзiмдерін, оның және аппеляциялық комиссия (кеңес) шешiмiнің, нысанын белгiлей отырып, оның құрамын, арыздарды беру мерзiмiн және емтихандардың нәтижелерi бойынша арыздарды сотқа дейiн қарауды жүргiзу тәртiбiн көрсете отырып, комиссия (кеңес) туралы бекiтiлген ереже;
      9) пәндер бойынша емтихандар өткiзудiң үш жылдық кезеңге арналған бекiтiлген кестесi;
      10) «Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бухгалтерлiк есеп», «Салық және салық салу» және «Азаматтық құқық» пәндерi бойынша Аккредиттеу қағидаларына 7-қосымшада көрсетілген талаптарға сәйкес емтихандық модульдер мен емтихандардың нәтижелерін бағалау тәртібін қамтитын сертификаттау бағдарламалары жөнiндегi материалдар;
      11) кәсіби бухгалтер сертификатының жобасы.
      Аккредиттеу жүргізу үшін ҚБК-ға осы тармаққа сәйкес ұсынылған барлық құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесі ҚБК құжаттарды қабылдаған күні туралы тапсырылған күні белгі қойылып, өтініш берушіге жіберіледі (тапсырылады).
      Осы тармақтың 3), 4), 5), 6), 7), 8) тармақшаларында санамаланған құжаттар қағаз және электрондық тасығыштарда мемлекеттiк және орыс тілдерінде берiледі.
      Заңды тұлғаның атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген, қайта ұйымдастырылған, заңды мекенжайы өзгерген жағдайда сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы куәлiкті қайта ресімдеу үшін күнтізбелік он бес күн ішінде мыналарды ұсыну қажет:
      1) тиісті өзгерістер туралы жазбаша хабарлама;
      2) Аккредиттеу қағидаларының 3-тармағына сәйкес құжаттарды қоса бере отырып, сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу туралы өтініш.
      Сертификаттау жөнiндегi ұйым аккредиттеу туралы куәлiктi жоғалтқан жағдайда:
      1) жоғалғаны белгiлi болғаннан кейiн күнтiзбелiк бес күн iшiнде мерзiмдi баспа басылымдарында сериясын, нөмірiн және берiлген күнiн көрсете отырып, аккредиттеу туралы куәлiктi жарамсыз деп тану туралы жариялауы;
      2) жоғалғаны белгiлi болғаннан кейiн күнтiзбелiк он бес күн iшiнде ҚБК-ға аккредиттеу туралы куәлiктi жарамсыз деп тану және телнұсқасын беру туралы өтiнiш беруi қажет.
      ҚБК өтініш берілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жаңа нөмір бере отырып және жоғарғы оң жақ бұрышында «Телнұсқа» деген жазуы бар аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын береді.»;
      15-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «ҚБК өтініш берушіден аккредиттеуге арналған құжаттар түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде осы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген, ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша уәждемелі бас тарту береді.»;
      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «17. Мыналар осы қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады:
      1) дұрыс емес құжаттар ұсыну;
      2) емтихандық модульдердің мазмұны бөлігінде халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары сақталмауы;
      3) Аккредиттеу қағидаларына 7-қосымшада көрсетілген талаптарының бұзылуы.
      Сертификаттау жөніндегі ұйымдар көрсетілген бұзушылықтарды жойған кезде аккредиттеу туралы өтiнiш Аккредиттеу қағидаларына сәйкес қаралады.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                                    К. Мәсiмов