"Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 қазандағы № 1052 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 маусымдағы № 776 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 ақпандағы № 151 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.02.2013 № 151 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 қазандағы № 1052 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары С.Н. Ахметовке жүктелсін.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламада:
      «Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 7-бөлімде:
      реттік нөмірі 106-жолдың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша), «ҚАМ» АҚ (келісім бойынша)».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов