Қолға ұстайтын жауынгерлік атыс қаруы мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, сатып алу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 мамырдағы № 720 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 21 қарашадағы № 1474 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 2012.11.21 № 1474 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қолға ұстайтын жауынгерлік атыс қаруы мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, сатып алу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 1 ақпандағы № 84 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 4, 45-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қолға ұстайтын жауынгерлік атыс қаруы мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, сатып алу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы»;
      2) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса беріліп отырған қолға ұстайтын жауынгерлік атыс қаруы мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, сатып алу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.»;
      3) көрсетілген қаулымен бекітілген қолға ұстайтын жауынгерлік атыс қаруы мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, сатып алу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2012 жылғы 31 мамырдағы
№ 720 қаулысына   
қосымша       
 

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2008 жылғы 1 ақпандағы
№ 84 қаулысымен  
бекітілген    
 

Қолға ұстайтын жауынгерлік атыс қаруы мен оның патрондарын
әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, сатып алу жөніндегі қызметке
қойылатын біліктілік талаптары
 

      1. Қолға ұстайтын жауынгерлік атыс қаруы мен оның патрондарын әзірлеу жөніндегі қызметтің кіші түрін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:
      1) заңды тұлғаның басшысында немесе оның орынбасарында, оның ішінде оның филиалының басшысында немесе оның орынбасарында, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыратын жеке тұлғада жоғары техникалық білімі;
      2) тиісті техникалық білімі, мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар білікті мамандар;
      3) көрсетілген қызмет түріне зерттеу, әзірлеу мен өндіру мәселелері бойынша нормативтік-техникалық және ғылыми-техникалық құжаттар жиынтығы түріндегі ғылыми база;
      4) жеке меншік құқығындағы, қоршалған, оқшауланған және мыналарды қамтитын өндірістік-техникалық база:
      арнайы өндірістік ғимарат;
      сынақ зертханасы;
      жабдық және стенд;
      қарулардың және патрондардың әзірленген жиынтықтарын сақтауға арналған арнайы жабдықталған қойма;
      5) пайдалану шарттарына және олар үшін белгіленген өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнаманың талаптарына сәйкес келетін өлшеу құралдары;
      6) ұйымның басшысы бекіткен қолға ұстайтын жауынгерлік атыс қаруы мен оның патрондарының тәжірибелік моделдерін қауіпсіз әзірлеу жөніндегі нұсқаулық;
      7) материалдарды, жартылай фабрикаттарды (әзірлемелерді), жинақтаушы бөлшектерді, бұйымдарды есепке алу және сақтау бойынша журнал;
      8) күзет қызметіне арналған лицензия немесе өндірістік-техникалық базаны оқ-дәрімен атылатын қаруды пайдалана отырып күзетуге күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен шарт;
      9) қызметтің мәлімделген түрі бойынша мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалана отырып, жұмыс жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің немесе оның аумақтық органдарының рұқсаты.
      2. Қолға ұстайтын жауынгерлік атыс қаруы мен оның патрондарын өндіру жөніндегі қызметтің кіші түрін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:
      1) заңды тұлғаның басшысында немесе оның орынбасарында, оның ішінде оның филиалының басшысында немесе оның орынбасарында, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыратын жеке тұлғада жоғары техникалық білімі;
      2) тиісті техникалық білімі, мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар білікті мамандар;
      3) қолға ұстайтын жауынгерлік атыс қаруын және оның патрондарын өндіру мәселелері бойынша нормативтік-техникалық және ғылыми-техникалық құжаттардың жиынтығы түріндегі ғылыми база;
      4) жеке меншік құқығындағы, қоршалған, оқшауланған және мыналарды қамтитын өндірістік-техникалық базасы:
      арнайы өндірістік ғимарат;
      сынақ зертханасы;
      арнайы жабдықталған қойма;
      жұмыс істейтін персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жай;
      жабдық және стенд;
      5) қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған лицензия немесе қауіпті жүктерді тасымалдауға лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен шарт;
      6) пайдалану шарттарына және олар үшін белгіленген өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнаманың талаптарына сәйкес келетін өлшем құралдары;
      7) ұйымның басшысы бекіткен жұмысты қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулық;
      8) материалдарды, жартылай фабрикаттарды (әзірлемелерді), жинақтаушы бөлшектерді дайын және жарамсыз бұйымдарды есепке алу және сақтау бойынша журнал;
      9) күзет қызметіне арналған лицензия немесе өндірістік-техникалық базаны оқ-дәрімен атылатын қаруды пайдалана отырып күзетуге күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен шарт;
      10) қызметтің мәлімделген түрі бойынша мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалана отырып, жұмыс жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің немесе оның аумақтық органдарының рұқсаты.
      3. Қолға ұстайтын жауынгерлік атыс қаруы мен оның патрондарын жөндеу жөніндегі қызметтің кіші түрін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:
      1) заңды тұлғаның басшысында немесе оның орынбасарында, оның ішінде оның филиалының басшысында немесе оның орынбасарында, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыратын жеке тұлғада жоғары техникалық білімі;
      2) тиісті техникалық білімі, мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар білікті мамандар;
      3) жеке меншік құқығындағы, қоршалған, оқшауланған және мыналарды қамтитын өндірістік-техникалық базасы:
      арнайы жөндеу-техникалық ғимарат;
      сынақ зертханасы;
      арнайы жабдықталған қойма;
      жұмыс істейтін персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жай;
      жабдық және стенд;
      4) пайдалану шарттарына және олар үшін белгіленген өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнаманың талаптарына сәйкес келетін өлшем құралдары;
      5) қауіпті жүктерді тасымалдауға лицензияның немесе қауіпті жүктерді тасымалдауға лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен келісімнің;
      6) ұйымның басшысы бекіткен жөндеу жұмыстарын қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулық;
      7) материалдарды, жартылай фабрикаттарды (әзірлемелерді), жинақтаушы бөлшектерді, бұйымдарды есепке алу және сақтау бойынша журнал;
      8) күзет қызметіне лицензияның немесе өндірістік-техникалық базаны оқ-дәрімен атылатын қаруды пайдалана отырып күзетуге күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен шарт;
      9) қызметтің мәлімделген түрі бойынша мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалана отырып, жұмыс жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің немесе оның аумақтық органдарының рұқсаты.
      4. Қолға ұстайтын жауынгерлік атыс қаруы мен оның патрондарын сатып алу жөніндегі қызметтің кіші түрін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:
      1) заңды тұлғаның басшысында немесе оның орынбасарында, оның ішінде оның филиалының басшысында немесе оның орынбасарында, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыратын жеке тұлғада жоғары техникалық білімі;
      2) тиісті техникалық білімі, мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар білікті мамандар;
      3) жеке меншік құқығында қолға ұстайтын жауынгерлік атыс қаруы мен оның патрондарын сақтауға арналған, арнайы жабдықталған қойма;
      4) қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған лицензия немесе қауіпті жүктерді тасымалдауға лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен шарт;
      5) қолға ұстайтын жауынгерлік атыс қаруы мен оның патрондарын есепке алу және сақтау бойынша журнал;
      6) күзет қызметіне арналған лицензия немесе арнайы жабдықталған қойманы оқ-дәрімен атылатын қаруды пайдалана отырып күзетуге күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен шарт;
      7) қызметтің мәлімделген түрі бойынша мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалана отырып, жұмыс жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің немесе оның аумақтық органдарының рұқсаты.