"Медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2301 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы № 682 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 71 қаулысымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 27.04.2016 № 176 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабы 30) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Парниктік газдар шығарындыларын және озонды бұзатын заттарды түгендеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № 348-ө бұйрығына (№ 5094 нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, № 5, 2008 жылғы 28 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Парниктік газдар шығарындыларын және озонды бұзатын заттарды түгендеу ережесінде:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Парниктік газдар шығарындыларын және озонды бұзатын заттарды түгендеу ережесін бекіту туралы»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Парниктік газдардың атмосфераға шығарындыларының және озонды бұзатын заттарды тұтыну көздері бар заңды тұлғалар жыл сайын парниктік газдар шығарындыларын және озонды бұзатын заттарды түгендеу жүргізеді және оны есептілік жылдан кейінгі жылғы 1 сәуірден кешіктірмей қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсынады.»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Парниктік газдар шығарындыларына жүргізілген түгендеудің нәтижелері бойынша табиғат пайдаланушылар парниктік газдарды түгендеу туралы есепті «Парниктік газдар шығарындыларын түгендеу туралы есептің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 10 мамырдағы № 145-ө бұйрығымен (№ 7692 нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген) бекітілген нысан бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсынады.»;
      6-тармақ алынып тасталсын;
      3-тарауының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Озонды бұзатын заттарға түгендеу жүргізу тәртібі»;
      Ережеге 1-қосымша алынып тасталсын.
      2. Төменкөміртекті даму департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                       Н. Қаппаров