Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 20.02.2020 № 71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 5-бабының 18-5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Өндірістік бақылау бөлімшелерінің ветеринариялық дәрігерлерін аттестаттау қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 мамырдағы № 634 қаулысымен бекітілген |
Өндірістік бақылау бөлімшелерінің ветеринариялық дәрігерлерін
аттестаттау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Өндірістік бақылау бөлімшелерінің ветеринариялық дәрігерлерін аттестаттау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 5-бабының 18-5) тармақшасына сәйкес әзірленген, ветеринариялық анықтама беру үшін жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөніндегі өндірістік бақылау бөлімшелерінің ветеринариялық дәрігерлерін аттестаттау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) өндірістік бақылау бөлімшелерінің ветеринариялық дәрігерлерін аттестаттау – өндірістік бақылау бөлімшелері ветеринариялық дәрігерлерінің Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген талаптарға сәйкестігін айқындауға уәкілетті орган ауық-ауық жүргізетін рәсім;
2) тестілеу – тестілік тапсырмаларды пайдалана отырып жүргізілетін аттестатталушының теориялық білімін және практикалық дағдыларын тексеру нысаны;
3) ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның ведомствосы (бұдан әрi – уәкілетті органның ведомствосы) – мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның комитеті;
4) уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері (бұдан әрi – аумақтық бөлімшелер) – ведомствоның тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде орналасқан аумақтық бөлімшелері (облыс, аудан, облыстық немесе республикалық маңызы бар қала, астана);
5) өндірістік бақылау бөлімшелері – жануарларды союды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты қайта өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiнiң әкiмшiлiгі құрған жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестiгiн айқындау жөнiндегi бөлiмшелер.
3. Өндірістік бақылау бөлімшелерінің ветеринариялық дәрігерлерін (бұдан әрi – ветеринариялық дәрігерлер) аттестаттауды тиісті аумақтық бөлімшелер құрған аттестаттау комиссиялары (бұдан әрі – Комиссия) жүргізеді.
Ветеринариялық дәрігерлер осы қызметпен айналысудың әрбір үш жылы өткеннен кейін міндетті аттестаттаудан өтеді.
Аттестаттаудан өткен ветеринариялық дәрігерлер жануарлар союды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын басқа өндіріс объектісінің өндірістік бақылау бөлімшесіне мамандығы бойынша ауысқан кезде оның аттестаттау қорытындысы үш жыл ішінде жарамды болады.
Аттестаттаудан өткен ветеринариялық дәрігерлер жұмыстан босатылған немесе жануарларды союды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын басқа өндіріс объектісінің өндірістік бақылау бөлімшесіне ауысқан кезде объектінің басшысы тиісті аумақтық бөлімшені үш жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
2. Аттестаттауды өткiзу тәртiбi
4. Аттестаттауды дайындауды және өткізуді аумақтық бөлімшелер ұйымдастырады және ол мынадай iс-шараларды қамтиды:
1) аттестаттауды өткізу үшін қажетті құжаттарды дайындау;
2) аттестаттауды өткiзу кестелерiн әзiрлеу және бекiту;
3) Комиссияның құрамын айқындау;
4) аттестаттауды өткiзу мақсаттары мен тәртiбi туралы түсiндiру жұмысын ұйымдастыру;
5) аттестаттауды өткiзу басталғанға дейiн күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрмей ветеринариялық дәрігерлерге оны өткiзу мерзiмi туралы жазбаша хабарлау;
6) аттестаттауға жататын тұлғалардың құжаттарын қабылдауды және талдауды жүзеге асыру;
7) ветеринариялық дәрігерлерді тестiлеу;
8) Комиссияның шешiмін шығару;
9) аттестатталған ветеринариялық дәрігерді жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындайтын және ветеринариялық анықтама беретін ветеринариялық дәрігерлер тізіліміне (бұдан әрі – тізілім) енгізу.
5. Аумақтық бөлімшенің басшысы Комиссияның төрағасы болып табылады және аттестаттауға жататын тұлғалардың тізімін, тестілеу сұрақтарын бекітеді, аттестаттауды өткізу мерзімін және Комиссияның құрамын, сондай-ақ оның жұмыс кестесін белгілейді.
Комиссия кемінде бес адам болатын мүшелерден және комиссия хатшысынан құралады. Хатшы Комиссия мүшесі болып табылмайды. Комиссияның мүшелері жоғары ветеринариялық білімі, кемінде бес жыл практикалық жұмыс өтілі бар тұлғалар болып табылады.
Комиссия құрамына аумақтық бөлімшелердің мамандары, келісім бойынша жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі – ЖАО) бөлімшесінің өкілдері кіреді.
Комиссия хатшысы аттестаттау басталғанға дейін күнтiзбелiк отыз күн бұрын ветеринариялық дәрігерлерге хабарлама жiбередi.
6. Ветеринариялық дәрігерлер хабарлама алған сәттен бастап күнтiзбелiк он бес күннен кешiктiрмей Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) жеке куәліктің, білімі туралы дипломның көшірмесі;
2) соңғы 3 жылда бiлiктiлiктi арттыру курстарынан өткенi туралы сертификаттың көшiрмесi (болған жағдайда);
3) ғылыми дәрежесiнiң, атағының бар болуы туралы куәлiктердiң көшiрмелерi (болған жағдайда).
7. Тестiлеу қағаз тасығышта тест сұрақтарын қолдана отырып жүргізіледі (1 сұрақ 1 баллға теңестіріледі, барлығы 100 сұрақ).
8. Тест тапсырмаларын орындауға берілетін жалпы уақыт 90 минут құрайды.
9. Комиссия тестілеу нәтижелерін есептеуді дұрыс жауаптар кодтарын пайдалана отырып өткізеді.
10. Сұрақтардың жалпы санына қатысты дұрыс жауаптардан 70%-дан кемін алған кезде тестілеу нәтижесі теріс деп саналады.
11. Есептеу қорытындыларын шығару аяқталғаннан кейін ветеринариялық дәрігерлерге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тестілеудің нәтижелері беріледі.
12. Комиссия тестілеу нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) аттестатталды;
2) аттестатталған жоқ.
13. Комиссияның шешiмi отырыс хаттамасымен ресiмделедi, оған отырысқа қатысқан Комиссияның төрағасы, мүшелерi және хатшысы қол қояды.
14. Ветеринариялық дәрігер Комиссияның шешiмiмен тестілеу өткен күні танысады.
15. Комиссияның бекітілген шешiмдері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестаттау парақтарына енгізіледі, олар аттестаттау аяқталғаннан кейін ветеринариялық дәрігерлерге беріледі.
Аттестаттау парағы, тестілеу нәтижелері, Комиссия отырысының хаттамасы үш жыл ішінде аттестаттауды өткізген органда сақталады.
16. Аттестатталған ветеринариялық дәрігерлер осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тізілімге енгізіледі.
17. Бастапқы тестілеу нәтижелері бойынша аттестатталмаған ветеринариялық дәрігерлер осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен Комиссияның шешімімен танысқан күнінен бастап келесі тестілеуге бір айдан кейiн, қайта тестілеуге – алты айдан кейін жіберіледі.
18. Аумақтық бөлімше үш жұмыс күні ішінде өзгерістердің қалыптастырылу және енгізілу шамасына қарай тізілімді жоғары тұрған аумақтық бөлімшеге және ЖАО бөлімшелеріне ұсынады.
3. Комиссияның шешiмдерiне шағымдану
19. Комиссияның іс-әрекеті мен шешімдеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.
Өндірістік бақылау бөлімшелерінің ветеринариялық дәрігерлерін аттестаттау қағидаларына 1-қосымша |
Тестілеу нәтижелері
1. Тегі, аты, әкесінің аты:______________________________
2. Білімі:_______________________________________________
3. Туған күні:___________________________________________
4. Жынысы: ______________________________________________
5. Ұлты: ________________________________________________
6. Тестілеу өтетін орын:_________________________________
Р/с № | Тестідегі сұрақтардың саны | Дұрыс жауаптардың саны | Өту пайызы | Нәтиже |
Комиссия төрағасы ___________________________________________________
Комиссия хатшысы ____________________________________________________
Комиссия мүшелерi: __________________________________________________
_____________________________________________________________________
Тестілеу өткiзiлген күн 20____ жылғы "__" ___________________________
Тестілеудің нәтижелерімен таныстым __________________________________
(қолы және күнi)
М.О.
Өндірістік бақылау бөлімшелерінің ветеринариялық дәрігерлерін аттестаттау қағидаларына 2-қосымша |
Аттестаттау парағы
Аттестатталатын адамның тегi, аты, әкесiнiң аты ____________________
____________________________________________________________________
Туған күні _________________________________________________________
Бiлiмi туралы мәлiметтер ___________________________________________
____________________________________________________________________
Бiлiктiлiгiн арттыру туралы мәлiметтер (соңғы 3 жылдағы) ___________
____________________________________________________________________
Жалпы еңбек өтілі __________________________________________________
Мамандығы бойынша жұмыс өтілі ______________________________________
Бiлiктiлiк санатын беру туралы маман сертификатының болуы немесе болмауы ____________________________________________________________
___________________________________________________________________
Тестiлеу нәтижелерi __________%
Отырысқа Комиссияның ___________ мүшесi қатысты
Дауыстар саны:
________ "иә" деп дауыс бердi
________ "қарсы" деп дауыс бердi
________ "дауыс беруден қалыс қалғандар"
Комиссия шешiмi _____________________________________________________
Комиссия төрағасы ___________________________________________________
Комиссия хатшысы ____________________________________________________
Комиссия мүшелерi: __________________________________________________
_____________________________________________________________________
Аттестаттаудың өткiзiлу күні 20____ жылғы "__" ______________________
Аттестаттау парағымен таныстым ___________________________________
(қолы және күнi)
М.О.
Өндірістік бақылау бөлімшелерінің ветеринариялық дәрігерлерін аттестаттау қағидаларына 3-қосымша |
Өндірістік бақылау бөлімшелерінің аттестатталған ветеринариялық
дәрігерлерінің тізілімі
Р/с № | Аттестатталған ветеринариялық дәрігердің тегі, аты, әкесінің аты, ЖСН | Заңды тұлғаның толық атауы, БСН | Өндірістік бақылау бөлімшесінің орналасқан орны | Аттестаттаудан өту күні |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |