"Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергiлiктi бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 мамыр № 604 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 маусымдағы № 696 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы Кеден істеріндегі ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісімге қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 қыркүйектегі № 1077 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Мәжит Төлеубекұлы Есенбаевқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы Кеден істеріндегі ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісімге қол қоюға өкілеттік берілсін.".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов