"Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 наурыздағы № 208 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 548 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 442 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 249-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 114-бабының 1-тармағына, «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 1 ақпандағы Заңының 23-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Шығыс Қазақстан өңірлік энергетикалық компаниясы» акционерлік коғамының 100 % мөлшеріндегі акцияларының мемлекеттік пакеті «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларын төлеуге берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны іске асыру үшін қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов