"Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына тол

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 сәуірдегі № 491 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1193 қаулысымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 51, 648-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулының 24-қосымшасында:
      «Республикалық мемлекеттiк мекемелер» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 15, 16-жолдармен толықтырылсын:
      «15. «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Ақпаратты техникалық қорғау орталығы» мемлекеттiк мекемесi.
      16. «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Ақпараттық қауiпсiздiк саласында мамандар даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру орталығы» мемлекеттiк мекемесi.»;
      «Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-жолмен толықтырылсын:
      «21. «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң «Алмас» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.».
      2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов