Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 сәуірдегі № 488 Қаулысы

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданы әкімдігінің 04.04.2016 № 12/06 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы N 221 "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы" қаулысына және "Өсімдік шаруашылығы селекциясын Қарағанды ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қорытындысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 1 маусымнан 5 маусым аралығында Абай ауданы бойынша субсидия алушылардың тізіміне қосу үшін өтінімдерді ұсыну мерзімі анықталсын.
      2. 10 мамырдан 31 мамыр аралығындағы басым ауыл шаруашылығы дақылдарының оңтайлы мерзімдері анықталсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.А. Бимағанбетовке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Абай ауданының әкімі
Е. Нашаров