Концессиялық жобаларды әлеуметтік маңызы бар жобалардың санатына жатқызу критерийлерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 457 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № 542 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 16.07.2015 № 542 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

     «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған концессиялық жобаларды әлеуметтік маңызы бар жобалардың санатына жатқызу критерийлері бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2012 жылғы 13 сәуірдегі
№ 457 қаулысымен  
бекітілген      

Концессиялық жобаларды әлеуметтік маңызы бар жобалардың
санатына жатқызу критерийлері

      1. Осы концессиялық жобаларды әлеуметтік маңызы бар жобалардың санатына жатқызу критерийлері (бұдан әрі – критерийлер) «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының  8-бабына сәйкес әзірленді.
      2. Концессия объектісінің қолжетімділігі үшін төлемақыны қолдану мақсатында концессиялық жобаны әлеуметтік маңызы бар жобалардың санатына жатқызу жүзеге асырылады.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 N 1305 қаулыcымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. Критерийлер – концессиялық жобаның оның қоғамға бағытталғандығын көрсететін белгілері (қоғамдық инфрақұрылым объектілерін салу, пайдалану арқылы қоғамдық мүдделерді қанағаттандыру).
      4. Мыналар концессиялық жобаларды әлеуметтік маңызы бар жобалардың санатына жатқызу критерийлері болып табылады:
      1) мына:
      әлеуметтік қамтамасыз ету, қызмет көрсету және халықты қорғау;
      денсаулық сақтау;
      жалпы орта білім беру, мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту;
      коммуналдық шаруашылық;
      көлік салаларының бірінде концессиялық жобаларды іске асыру.
      2) мына:
      әлеуметтік қамтамасыз ету, қызмет көрсету және халықты қорғау объектілерінің;
      денсаулық сақтау объектілерінің;
      жалпы орта білім беру, мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту объектілерінің;
      коммуналдық шаруашылық объектілерінің;
      көлік саласы объектілерінің санын ұлғайтуға алып келетін концессиялық жобаларды іске асыру.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 N 1305 қаулыcымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).