Техника-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыру, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларын консультациялық сүйемелдеу Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің 2012 жылға арналған бө

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 456 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған техника-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыру, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларын консультациялық сүйемелдеу Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің 2012 жылға арналған бөлінетін 025 «Бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың, техника-экономикалық негіздемелерін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу» бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың тізбесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 13 сәуірдегі
№ 456 қаулысымен  
бекітілген    

Техника-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе
түзетуді қаржыландыру, сондай-ақ қажетті сараптамаларын
жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда
министрлігінің 2012 жылға арналған бөлінетін 025 «Бюджеттік
инвестициялық және концессиялық жобалардың,
техника-экономикалық негіздемелерін әзірлеу немесе түзету,
сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларды
консультациялық сүйемелдеу» бюджеттік бағдарламасының қаражаты
есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық және
концессиялық жобалардың
тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.11.26 № 1492 Қаулысымен.

Р/с

Жобаның атауы

Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыру, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу көлемі (мың теңге)

Концессиялық жобалардың техника-экономикалық негiздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыру, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу көлемі (мың теңге)

Концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеуді қаржыландыру көлемі (мың теңге)

1

2

3

4

5

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

1

«Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе» интеграцияланған ақпараттық жүйесі

58 448,00



2

Электрондық шот-фактураларды қабылдау және өңдеу бойынша ақпараттық жүйе

52 587,24



Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

3

Бекіре тұқымдас балықтарды молайту бойынша зауыт салу (жобалық қуаты жылына 30 млн. дана бекіре тұқымдас балықтардың шабағын шығару)

84 919,00



Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі

4

Астана қаласы Оңтүстiк Батыс айналма жолының құрылысы

25 000,00



5

Тұрғындарға қызмет көрсету мақсатында Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі көлiктік дерекқорының және тасымалдау қауiпсiздiгі серпінінің мониторингі ақпараттық талдау жүйесін дамыту

8 000,00



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

6

М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің қазақстандық филиалы үшін Астана қаласындағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті оқу корпусының құрылысы

33 365,00



7

Астана қаласында студенттер қалашығын салу

80 698,00



8

Алматы қаласында студенттер қалашығын салу

150 251,00



Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

9

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші-қон полициясы комитетінің ақпараттық жүйесі

5 649,00



Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі

10

Ұлттық ғарыш технологияларының зертханасын салу

35 933,00



Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі

11

Алматы облысының Талдықорған қаласында велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығының қолданыстағы ғимаратын қалпына келтіру және жаңадан жапсарлас құрылыс салу

18 530,00



Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі

12

Атырау облысында «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағын құру» (түзету)

26 278,00



Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

13

Қарағанды қаласында «Қарағанды мемлекеттік медицина университеті» РМК жанында 300 төсектік көп салалы аурухананы салу және пайдалану


7 639,00


14

Алматы қаласында «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» РМҚК жанында 300 төсектік көп салалы аурухананы салу және пайдалану


6 858,00



Жиыны:

579 658,24

14 497,00