Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2012 жылға арналған жоспары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1680 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2012 жылға арналған жоспарында:
реттік нөмірлері 1 және 2-жолдар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 28-1 және 28-2-жолдармен толықтырылсын:
«
28-1 |
Азаматтық қорғау туралы |
ТЖМ |
Шілде |
Тамыз |
Қазан |
В.В. Петров |
28-2 |
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
ТЖМ |
Шілде |
Тамыз |
Қазан |
В.В. Петров |
»
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов