"Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 1251 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 6 сәуірдегі № 423 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 754 қаулысымен

Қазақстан Республикасының Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында 
жариялануға тиіс          

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдарын оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 501 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 49, 599-құжат; 2008 ж., № 9, 89-құжат; 2009 ж., № 12, 69-құжат; 2010 ж., № 51, 466-құжат; 2011 ж., № 37, 438-құжат; № 52, 710-құжат) өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарының санаттары бойынша тізілімінде:
      «С санаттарының тобы» бөлімінде:
      С-1 санаты мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «Ұлттық Банктің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті төрағасының орынбасары»;
      сілтеменің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2 Орталық атқарушы органдардың, Ұлттық Банктің ведомстволарынан басқа (Ұлттық Банктің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетінен басқа, ведомстволар құрамында департаменттер құру көзделмейді).».
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев