"Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан Стратегиялық объектілер жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 қарашадағы № 1125 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 402 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1173 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 N 1173 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан Стратегиялық объектілер жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 қарашадағы № 1125 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Стратегиялық объектілер жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Төрегелдинов              - Қазақстан Республикасы Парламентінің
Жұмабек Сүлейменұлы         Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі
                            және құқық қорғау органдары комитетінің
                            мүшесі (келiсiм бойынша)

Базарбаев                 - Қазақстан Республикасы Парламентінің
Асқар Ермырзаұлы            Мәжілісі Экономикалық реформа және
                            өңірлік даму комитетінің мүшесі
                            (келiсiм бойынша)

Өтемісов                  - Қазақстан Республикасы Парламентінің
Шавхат Әнесұлы              Мәжілісі Экология мәселелері және
                            табиғат пайдалану комитетінің хатшысы
                            (келiсiм бойынша)

Сабильянов                - Қазақстан Республикасы Парламентінің
Нұртай Салихұлы             Мәжілісі Қаржы және бюджет комитетінің
                            мүшесі (келiсiм бойынша)

Сәрсенов                  - Қазақстан Республикасының Көлік және
Сәкен Сейітжаппарұлы        коммуникация вице-министрі

Рау                       - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Альберт Павлович            жаңа технологиялар бірінші вице-министрі

Дәленов                   - Қазақстан Республикасының Қаржы
Руслан Ерболатұлы           вице-министрi

Дүйсебаев                 - Қазақстан Республикасы Табиғи
Асылбек Жексенбайұлы        монополияларды реттеу агенттiгi
                            төрағасының орынбасары

Сәрсенбаев                - "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры"
Талғат Есенәліұлы           акционерлiк қоғамының басқарушы директоры
                            (келiсiм бойынша)

      көрсетiлген құрамнан Серiк Байсейiтұлы Ақылбай, Данияр Рүстемұлы Әбiлғазин, Эдуард Олегович Квятковский, Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек, Андар Мәулешұлы Шоқпытов, Қайрат Молдрахманұлы Смағұлов шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Премьер-Министрі
      Қазақстан Республикасының        К. Мәсімов