Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Мектепке дейінгі балалық шақ" республикалық орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны таратылсын.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Мектепке дейінгі балалық шақ" республикалық орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мекеме) құрылсын.
3. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметінің сапасын әдістемелік және әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру Мекеме қызметiнiң негiзгi мәні болып айқындалсын.
4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгi заңнамада белгiленген тәртіппен:
1) Мекеменің жарғысын бекiтсiн және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемелекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, таратылатын кәсіпорын кредиторларының талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлкін Мекемеге беруді қамтамасыз етсін;
3) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдасын.
5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілді.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 392 қаулысымен бекітілді |
Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерiстер мен толықтырулар
1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.08.2022 № 581 қаулысымен.
2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
3. "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде" деген реттік нөмірі 12-жолда:
"2876,5" деген сандар "2916,5" деген сандармен ауыстырылсын;
"2104,5" деген сандар "2144,5" деген сандармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Мектепке дейінгі балалық шақ" республикалық орталығы – 40".