Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2013-2014 жылдарға арналған перспективалық жоспары туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 360 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1783 Қаулысымен

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының  1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабына, 43-1-бабының 1-тармағына сәйкеc, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мына:
      1) «Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға арналған шектеулер мен тыйымдарды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009 жылғы 12 тамыздағы N 454 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5756 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, N 9, 2009 жылы жарияланған) бұйрығы;
      2) «Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға арналған шектеулер мен тыйымдарды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009 жылғы 12 тамыздағы N 454 бұйрығына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 208 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6178 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, N 14, 2010 жылы жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті (Б.Ж. Жұмажанов) бір апта мерзімде бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін және кейіннен оның бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министрдің м.а.                             Е. Аман