"Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 329 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1086 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 108-бабының 15-тармақтарына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Қазығұрт ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазығұрт аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қарақозы Әбдәлиев ауылдық округі әкімінің пікірін ескере отырып, Қарақозы Әбдәлиев ауылдық округі, Атбұлақ елді мекенінің аумағына ауданның арнайы жер қорынан жалпы көлемі 4,15 гектар жер қосылып, шекарасына өзгеріс енгізілсін.
      2. Осы бірлескен аудан әкімдігінің қаулысы мен аудандық мәслихатының шешімі алғашқы ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы     Ж.Қарабеков

      Аудан әкімі                                Т.Алиев

      Аудандық мәслихат хатшысы                  М.Момынов