"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 11-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Өнеркәсіп комитетінің "Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны оған "Д.А.Қонаев атындағы тау-кен істері институты", "Ж. Әбішев атындағы химия-металлургия институты", "Казмеханобр" мемлекеттік ғылыми-өндірістік өнеркәсіптік экология бірлестігі", "Шығыс түсті металдар ғылыми-зерттеу тау-кен металлургия институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік еншілес кәсіпорындарды біріктіру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.06.2022 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |