"Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 ақпандағы № 273 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабы 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабы 2 тармағына сәйкес және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Мақаншы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Мақаншы ауылының Береговая көшесі – Абикен Саржановтың атындағы көше, Тарбағатай көшесі – Орал Арғынбеков көшесі деп атаулары өзгертілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы З. Семизбаевға жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Округ әкімі                                С. Қалиев