Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 49, 627-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерінде және облыстардың, Алматы және Астана қалаларының, аудандардың облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдері орынбасарларының шекті санында:
«Облыстың, Алматы, Астана қалаларының әкімдері орынбасарларының саны (бірлік)» деген бағанда:
«Маңғыстау» деген жолдағы «4» деген сан «5» деген санмен ауыстырылсын;
«ЖИЫНЫ:» деген жолдағы «73» деген сандар «74» деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
премьер-министрі K. Мәсімов