"Мемлекеттік статистика мәселелері жөнінде кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 мамырдағы № 459 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 ақпандағы № 252 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 329 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Мемлекеттік статистика мәселелері жөнінде кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 мамырдағы № 459 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 24, 245-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                          К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2012 жылғы 22 ақпандағы
№ 252 қаулысына    
қосымша         

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2008 жылғы 16 мамырдағы 
№ 459 қаулысына    
қосымша        

Мемлекеттік статистика мәселелері жөніндегі кеңестің құрамы

Мәсімов                     - Қазақстан Республикасының
Кәрім Қажымқанұлы             Премьер-Министрі, төраға

Смайылов                    - Қазақстан Республикасы Статистика
Әлихан Асханұлы               агенттігінің төрағасы, төрағаның
                              орынбасары

Орынханов                   - Қазақстан Республикасы Статистика
Қайрат Кәкімұлы               агенттігі Стратегиялық даму
                              департаментінің директоры, хатшы

Әбдіқалықова                - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Гүлшара Наушақызы             халықты әлеуметтік қорғау министрі

Бәйменов                    - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
Әлихан Мұхамедияұлы           қызмет істері агенттігінің төрағасы
                              (келісім бойынша)

Жақсыбеков                  - Қазақстан Республикасының Қорғаныс
Әділбек Рыскелдіұлы           министрі

Ермегияев                   - Қазақстан Республикасы Спорт және дене
Талғат Амангелдіұлы           шынықтыру істері агенттігінің төрағасы

Жәмішев                     - Қазақстан Республикасының Қаржы
Болат Бидахметұлы             министрі

Жұмағалиев Асқар            - Қазақстан Республикасының Көлік және
Қуанышұлы                     коммуникация министрі

Жұмағұлов                   - Қазақстан Республикасының Білім және
Бақытжан Тұрсынұлы            ғылым министрі

Имашев                      - Қазақстан Республикасының Әділет
Берік Мәжитұлы                министрі

Исекешев                    - Қазақстан Республикасының Индустрия
Әсет Өрентайұлы               және жаңа технологиялар министрі

Қайырбекова                 - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Салидат Зекенқызы             сақтау министрі

Қаппаров                    - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Нұрлан Жамбылұлы              ортаны қорғау министрі

Қасымов                     - Қазақстан Республикасының Ішкі істер
Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы    министрі

Мамытбеков                  - Қазақстан Республикасының Ауыл
Асылжан Сарыбайұлы            шаруашылығы министрі

Марченко                    - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
Григорий Александрович        Төрағасы (келісім бойынша)

Мыңбаев                     - Қазақстан Республикасының Мұнай және
Сауат Мұхаметбайұлы           газ министрі

Мыңбай                      - Қазақстан Республикасының Мәдениет және
Дархан Қамзабекұлы            ақпарат министрі

Оспанов                     - Қазақстан Республикасы Табиғи
Марат Мағауияұлы              монополияларды реттеу агенттігінің
                              төрағасы

Отаров                      - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын
Қадырхан Махмұтұлы            басқару агенттігінің төрағасы

Сағынтаев                   - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Бақытжан Әбдірұлы             даму және сауда министрі