Жекелеген мемлекеттік кәсіпорындарды коммуналдық меншіктен республикалық меншікке берудің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы" акционерлік қоғамын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 ақпандағы № 232 Қаулысы.

      Әлемдік озық практикаларды ескере отырып, педагог кадрларды сапалы даярлауды қамтамасыз ету, педагогикалық практикаға "өмір бойы оқу" концептуалдық тәсілін енгізу, педагог кадрларды кәсіби дамытуға инвестицияның барынша тиімділігіне қол жеткізу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Заңнамада белгіленген тәртіппен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының коммуналдық меншігінен мүліктік кешендер ретінде берілетін мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар (бұдан әрі — кәсіпорындар) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес республикалық меншікке қабылдансын және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарамағына берілсін.

      2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша кәсіпорындар қайта аталсын.

      3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағын іске асыру бойынша қажетті Іс-шараларды жүзеге асырсын.

      4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлар біліктілігін арттыратын республикалық институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны және осы қаулыға 2-қосымшада көрсетілген кәсіпорындар қосылу және қайта құру жолымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы" акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Қоғам) қайта ұйымдастырылсын.

      5. Білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру Қоғам қызметінің негізгі мәні болып белгіленсін.

      6. Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне берілсін.

      7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Қоғамның жарғылық капиталын қалыптастырсын;

      2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, Қоғамның Жарғысын бекітуді және оның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      8. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      9. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 17 ақпандағы
№ 232 қаулысына
1-қосымша

Республикалық меншікке мүліктік кешен ретінде қабылданатын мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындардың тізбесі

      1. Астана қаласы Білім басқармасының "Білім беру жүйесінде педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау институты" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

      2. Алматы қаласы Білім басқармасының "Алматы қаласы білім беру жүйесі мамандарының біліктілігін көтеру және қайта даярлау институты" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

      3. Ақтөбе облыстық білім басқармасының "Ақтөбе облыстық кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

      4. Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Облыстық білім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

      5. "Облыстық мамандар кәсібін дамыту институты" мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (Алматы облысы).

      6. "Атырау облыстық кадрлардың біліктілігін арттыратын және қайта даярлайтын институты" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      7. Қарағанды облысы әкімдігінің "Қарағанды облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      8. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

      9. "Облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (Қызылорда облысы).

      10. "Жамбыл облысы әкімиятының білім беру департаментінің "Облыстық педагог кадрлардың білімін жетілдіру және қайта даярлау институты" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

      11. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты" Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      12. "Батыс Қазақстан облыстық педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

      13. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің "Солтүстік Қазақстан педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      14. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Білім беру жүйесіндегі жаңа технологиялар, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

      15. Маңғыстау облыстық білім басқармасының "Маңғыстау облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институты" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

      16. Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институты" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 17 ақпандағы
№ 232 қаулысына
2-қосымша

Облыстардың, Астана және Алматы қалалары жергілікті
атқарушы органдарының коммуналдық меншігінен берілетін,
қайта аталатын мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың тізбесі

      1. Астана қаласы Білім басқармасының "Білім беру жүйесінде педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау институты" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Астана қаласы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

      2. Алматы қаласы Білім басқармасының "Алматы қаласы білім беру жүйесі мамандарының біліктілігін көтеру және қайта даярлау институты" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Алматы қаласы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

      3. Ақтөбе облыстық білім басқармасының "Ақтөбе облыстық кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Ақтөбе облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

      4. Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Облыстық білім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Ақмола облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

      5. "Облыстық мамандар кәсібін дамыту институты" мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (Алматы облысы) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

      6. "Атырау облыстық кадрлардың біліктілігін арттыратын және қайта даярлайтын институты" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Атырау облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

      7. Қарағанды облысы әкімдігінің "Қарағанды облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қарағанды облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

      8. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қостанай облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

      9. "Облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (Қызылорда облысы) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қызылорда облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

      10. "Жамбыл облысы әкімиятының білім беру департаментінің "Облыстық педагог кадрлардың білімін жетілдіру және қайта даярлау институты" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Жамбыл облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

      11. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты" Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

      12. "Батыс Қазақстан облыстық педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Батыс Қазақстан облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

      13. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің "Солтүстік Қазақстан педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Солтүстік Қазақстан облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

      14. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Білім беру жүйесіндегі жаңа технологиялар, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

      15. Маңғыстау облыстық білім басқармасының "Маңғыстау облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институты" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Маңғыстау облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

      16. Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институты" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Павлодар облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 17 ақпандағы
№ 232 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      2. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

      "Алматы қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 123-138-жолмен толықтырылсын:

      "123-138. "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы" АҚ".

      3. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      көрсетілген қаулыға қосымшада:

      "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 222-33-10-жолмен толықтырылсын:

      "222-33-10. "Өрлеу" Ұлттық біліктілікті арттыру орталығы" АҚ.".

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.08.2022 № 581 қаулысымен.

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.