"Сумен жабдықтаудын баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 желтоқсандағы № 1265 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 63 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 31 қазандағы № 870 қаулысымен

      «Ғылым саласындағы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми сыйақылар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 шілдедегі № 830 қаулысының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Аграрлық ғылым саласындағы үздік ғылыми зерттеулер мен жұмыстар үшін А.И. Бараев атындағы (бірінші, екінші, үшінші сыйақылар) сыйақы беру тәртібі туралы ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 386 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу реестрінде № 4758 тіркелген, «Заң газеті» 2007 жылы 27 шілдеде № 114 (1143) санында жарияланған).
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің АӨК инвестициялық және инновациялық саясат департаменті (Құрманов Р.Ж.) белгіленген тәртіппен бір апта мерзім ішінде осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне және бұдан бұрын жарияланған ресми баспа басылымдарына жіберсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                     А. Мамытбеков