"Шекті тарифтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 наурыздағы № 392 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 1628 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 қыркүйектегі № 750 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.09.2015 № 750 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Шекті тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 наурыздағы № 392 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж. № 17, 142-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген шекті тарифтерде:
      «11-топ» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

Тобы

Жылдар бойынша шекті тарифтер 
 

2009

2010

2011

2012

2013

2014

2015

11-топ

7,23

7,23

7,23

9,54

10,34

10,96

11,62

».

      2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов