"Алкоголь өнімінің өндірісі жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі мен оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 тамыздағы № 732 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 желтоқсандағы № 1585 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 қаңтардағы № 57 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.01.2013 № 57 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Алкоголь өнімінің өндірісі жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі мен оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 тамыздағы № 732 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 32, 345-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Алкоголь өнімінің өндірісі жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы»;
      1-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын.
      2. Осы қаулы 2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов