Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын және басқа да мұрағат құжаттарын ведомстволық және жеке мұрағаттардың қабылдауы, сақтауы, есепке алуы мен пайдалануы қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 желтоқсандағы № 1583 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 238 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 23.01.2013 № А-1/50 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағының 13)-тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабының 2-тармағына, 7-бабының 2-тармақшасына сәйкес, Ақкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ақкөл ауданындағы халықтың нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) 12 айдан артық жұмыс істемейтін тұлғалар;
      2) 21 жастан 29 жасқа дейінгі жастар;
      3) бірде – бір жұмысшысы жоқ отбасылар;
      4) маусымдық жұмыс мерзімдердің аяқталуына байланысты жұмыстан шыққан адамдар.
      2. «Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне, қосымша нысаналы топтарға жататын адамдары жұмыспен қамтуға көмек көрсету және әлеуметтік қорғау шараларын уақытында қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақкөл ауданы әкімінің орынбасары Р.М.Қанатоваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                А.Үйсімбаев