Көліктегі ішкі істер органдарын басқару жүйесін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері қайта аталсын.
2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері қайта ұйымдастырылсын.
3. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерініңтізбесінде:
реттік нөмірі 220-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«220. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Ақтөбе станциясындағы ішкі істер желілік басқармасы.»;
реттік нөмірі 222-жол алынып тасталсын;
реттік нөмірі 225-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«225. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Астана станциясындағы ішкі істер желілік басқармасы.»;
реттік нөмірі 226-жол алынып тасталсын;
реттік нөмірі 227-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«227. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы ішкі істер желілік басқармасы.»;
реттік нөмірі 232-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«232. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Алматы-1 станциясындағы ішкі істер желілік басқармасы.»;
реттік нөмірлері 233, 234, 235-жолдар алынып тасталсын;
реттік нөмірі 236-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«236. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Жамбыл станциясындағы ішкі істер желілік басқармасы.»;
реттік нөмірлері 238, 240, 241, 242-жолдар алынып тасталсын;
реттік нөмірі 243-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«243. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Шымкент станциясындағы ішкі істер желілік басқармасы.».
4. Осы қаулыға 1-қосымшада көрсетілген мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
5. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1580 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қайта
аталатын аумақтық органдары - мемлекеттік
мекемелерінің тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Ақтөбе станциясындағы ішкі істер желілік бөлімі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Ақтөбе станциясындағы Ішкі істер желілік басқармасына.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Астана станциясындағы ішкі істер желілік бөлімі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Астана станциясындағы Ішкі істер желілік басқармасына.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы ішкі істер желілік бөлімі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы Ішкі істер желілік басқармасына.
4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Алматы-1 станциясындағы ішкі істер желілік бөлімі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Алматы-1 станциясындағы Ішкі істер желілік басқармасына.
5. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Жамбыл станциясындағы ішкі істер желілік бөлімі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Жамбыл станциясындағы Ішкі істер желілік басқармасына.
6. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Шымкент станциясындағы ішкі істер желілік бөлімі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Шымкент станциясындағы Ішкі істер желілік басқармасына.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1580 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қайта
ұйымдастырылатын аумақтық органдары - мемлекеттік
мекемелерінің тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Ақтөбе станциясындағы Ішкі істер желілік басқармасына қосу жолымен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Қандыағаш станциясындағы ішкі істер желілік бөлімі.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Астана станциясындағы Ішкі істер желілік басқармасына қосу жолымен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Астана қаласының әуежайындағы ішкі істер желілік бөлімі.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Алматы-1 станциясындағы Ішкі істер желілік басқармасына қосу жолымен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Алматы қаласының әуежайындағы ішкі істер желілік бөлімі.
4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Алматы-1 станциясындағы Ішкі істер желілік басқармасына қосу жолымен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Үштөбе станциясындағы ішкі істер желілік бөлімі.
5. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Алматы-1 станциясындағы Ішкі істер желілік басқармасына қосу жолымен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Достық станциясындағы ішкі істер желілік бөлімі.
6. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Шымкент станциясындағы Ішкі істер желілік басқармасына қосу жолымен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Арыс станциясындағы ішкі істер желілік бөлімі.
7. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Шымкент станциясындағы Ішкі істер желілік басқармасына қосу жолымен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Түркістан станциясындағы ішкі істер желілік бөлімі.
8. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Жамбыл станциясындағы Ішкі істер желілік басқармасына қосу жолымен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Луговая станциясындағы ішкі істер желілік бөлімі.
9. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Жамбыл станциясындағы Ішкі істер желілік басқармасына қосу жолымен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Шу станциясындағы ішкі істер желілік бөлімі.