Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.04.2015 № 173 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Азаматтық қорғаныс туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы Заңының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуы туралы есеп беру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 1525 қаулысымен
бекітілген
Азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуы туралы есеп беру қағидалары
1. Осы Қағидалар Азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуы туралы есеп беру тәртібін айқындайды (бұдан әрі - Қағидалар).
2. Мемлекеттік органдар жыл сайын тиісті жылдың 10 желтоқсанына төтенше жағдайлар жөніндегі уәкілетті органға Азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуы туралы есеп береді (бұдан әрі - есеп).
3. "Азаматтық қорғаныс бойынша қалаларды - топтарға, ұйымдарды санаттарға жатқызу ережесі мен өлшемін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 қыркүйектегі № 942 қаулысына сәйкес азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жататын ұйымдар жыл сайын тиісті жылдың 25 қарашасына төтенше жағдайлар жөніндегі уәкілетті органның аумақтық органдарына есеп береді.
4. Төтенше жағдайлар жөніндегі уәкілетті орган жыл сайын тиісті жылдың 25 қаңтарына Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасының аумағында өткен жылы Азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуы туралы есеп береді.
5. Есептер мынадай деректерден тұратын ерікті нысанда беріледі:
1) Азаматтық қорғаныс жоспарының болуы;
2) Азаматтық қорғаныстың басқару, хабардар ету және байланыс жүйелерін жаңғырту мен жетілдіру және оларды пайдалануға әзірлікте ұстау;
3) Азаматтық қорғаныс күштерін жасақтау, жарақтандыру және әзірлікте ұстау;
4) зақымдау құралдары қолданылған жағдайларда қорғаныс құралдары тәсілдеріне және іс-қимыл жасауға басқару органдарын даярлау және халықты жаппай оқыту;
5) Азаматтық қорғаныстың қорғаныс құрылыстарын салу мен олардың қорын жинақтау және оларды жұмыс істеуге әзірлікте ұстау;
6) Азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындау және халықтың тіршілігін қамтамасыз ету үшін жеке қорғаныс құралдарының, материалдық-техникалық, азық-түлік, медициналық және өзге де ресурстарды, резервтерді құру, жинақтау және уақтылы жаңарту;
7) төтенше жағдайлардың қаупі және туындауы кезінде эвакуациялау іс-шараларын жоспарлау және жүргізу;
8) авариялық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды дайындау және жүргізу;
9) экономика салалары мен объектілерінің тұрақты жұмыс істеуі жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және орындау;
10) проблемалық мәселелер және оларды шешу жолдары.
6. Есепке мемлекеттік органдар мен ұйымдарың бірінші басшылары қол қояды. Мемлекеттік органдар электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында, ал ұйымдар - қағаз тасығышта есептерді ұсынады.