"Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2011 - 2014 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 329 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 1524 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 821 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.21 № 821 (2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2011 - 2014 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 329 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2011 - 2014 жылдарға арналған бағдарламасында:
      «Бағдарламаның паспорты» деген 1-бөлімде:
      «Қаржыландыру көздері және көлемі» деген кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бюджеттен шығын қажеттілігі мынаны құрайды:
      361613,4 миллион теңге (бұдан әрі - млн. теңге), оның ішінде 2011 жылы - 124747,6 млн. теңге, 2012 жылы - 145713,4 млн. теңге, 2013 жылы - 51152,4 млн. теңге, 2014 жылы - 40000 млн. теңге, соның ішінде:
      бюджеттік кредит беру - 107342,7 млн. теңге, оның ішінде:
      облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарына жылдық 0,01 % ставка бойынша тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы тұрғын үй жобалауға, салуға және (немесе) сатып алуға - 80842,7 млн. теңге, оның ішінде 2011 жылы - 28776,9 млн. теңге, 2012 жылы - 42413,4 млн. теңге, 2013 жылы - 9652,4 млн. теңге;
      2012 жылы «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамына (бұдан әрі - ҚТҚЖБ) жылдық 1 % ставка бойынша 26500 млн. теңге;
      нысаналы трансферттер - 254270,7 млн. теңге, оның ішінде:
      әкімдіктерде кезекте тұрған азаматтар үшін мемлекеттік жалға берілетін үйлерді жобалауға, салуға және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алуға - 40900 млн. теңге, оның ішінде 2011 жылы - 10900 млн. теңге, 2012 жылы - 10000 млн. теңге, 2013 жылы - 10000 млн. теңге, 2014 жылы - 10000 млн. теңге;
      тұрғын үй құрылысы салынатын аудандарда инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға, жайластыруға және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алуға - 120270,7 млн. теңге, оның ішінде 2011 жылы - 20270,7 млн. теңге, 2012 жылы - 40000 млн. теңге, 2013 - 2014 жылдары жыл сайын 30000 млн. теңге;
      ҚТҚЖБ-ның жарғылық капиталын ұлғайтуға - 78300 млн. теңгеге, оның ішінде 2011 жылы - 57000 млн. теңге, 2012 жылы - 21300 млн. теңге;
      Алматы облысында Алматы қаласының төрт серіктес қаласын дамыту жөнінде алдын ала жұмыстар жүргізуге - 8500 млн. теңге, оның ішінде 2011 жылы - 4000 млн. теңге, 2012 жылы - 3000 млн. теңге, 2013 жылы - 1500 млн. теңге;
      Ақмола облысында Астана қаласының серіктес қаласы ретінде Қосшы селосын дамыту жөнінде алдын ала жұмыстар жүргізуге - 6300 млн. теңге, оның ішінде 2011 жылы - 3800 млн. теңге, 2012 жылы - 2500 млн. теңге.
      Бағдарламаны қаржыландыру көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің болжамды көрсеткіштері шеңберінде нақтыланатын болады.»;
      «Бағдарламаның мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері» деген 4-бөлімде:
      «Бағдарламаның нысаналы индикаторлары және іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері» деген 4.3-кіші бөлімде:
      3-жолдың «2012 жыл» деген бағанындағы «136,0» деген сандар «141,6» деген сандармен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ арқылы тұрғын үй салу

мың шаршы метр

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, ЖАО


-

91,0

55,0


»;

      «Бағдарламаны іске асыру» деген 5-бөлімде:
      «Тұрғын үйге қолжетімділікті жоғарылатудың және тұрғын үй құрылысының көлемін ұлғайту үшін қосымша ынталандыруды жасаудың басқа бағыттары» деген 5.2.4-кіші бөлімде:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қарашадағы № 1085 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарына (бұдан әрі - Бірлескен іс-қимыл жоспары) сәйкес жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу жөнінде шаралар көзделген.»;
      мынадай мазмұндағы төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы бөліктермен толықтырылсын:
      «Осы Бағдарламаның шеңберінде Жылжымайтын мүлік қоры Астана және Шымкент қалаларында тұрғын үй объектілерін салу жөніндегі пилоттық жобаларды қаржыландыруды жүзеге асыратын болады.
      Пилоттық жобаларды іске асырған кезде инвестицияға мультипликативтік тиімділікке қол жеткізу мақсатында Жылжымайтын мүлік қоры жеке капиталмен, оның ішінде екінші деңгейдегі банктермен серіктестік қағидатын басшылыққа алатын болады.
      Жылжымайтын мүлік қорының пилоттық жобалардың құрылысын іске асыратын серіктестіктеріне қойылатын міндетті талаптар төменде көрсетілген өлшемдерге сәйкес келуге тиіс:
      1) бас мердігерде құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік лицензиясының және басқа да рұқсат құжаттарының, өндірістік базасының, құрылыста кемінде 4 жыл тәжірибесінің болуы;
      2) құрылыс салушыда ғимарат салу тәжірибесінің болуы (Астана қаласында кемінде 50 мың шаршы метр немесе басқа өңірлерде кемінде 15 шаршы метр);
      3) серіктестерге ұсынылатын жоба мынадай талаптарға сәйкес келуге тиіс:
      ауыртпалықтан бос қоныстандыру бөлігінде мемлекеттік қала құрылысы саясатына, аумақты аймақтарға бөлуге қойылатын қала құрылысы талаптарына, экологиялық және санитарлық-гигиеналық қауіпсіздік нормаларына және жергілікті жердің инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу деңгейіне сәйкес жер учаскесі елді мекеннің аумағында болуға тиіс;
      мемлекеттік сараптаманың қорытындысы бар ЖСҚ-ның болуы;
      құрылыс салушылардың жобаға ақша қаражатымен катысу үлесі құрылыс салушының жер учаскесін кадастрлық құны бойынша сатып алуға және жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге жұмсаған шығындарын қоса алғанда, жоба құнының кемінде 20 пайызынан кем болуға тиіс. Бұл ретте құрылыс салушының қаржыландырудағы үлесі көбірек болған жобаларға басымдық беріледі.
      «Самұрық-Қазына» қорының Жылжымайтын мүлік қоры арқылы қатысуы құрылыс тәуекелдерін төмендетеді және құрылыс компанияларының қарыз қаражатына қол жеткізуін жеңілдетеді, үлескерлердің (халықтың) қаражатын тарту үшін мүмкіндік туғызады. Бұл тұрғын үй құрылысына жеке инвестициялар тартуды ынталандырады, іске қосылатын тұрғын үйдің жалпы көлемін арттырады. Пилоттық жобаларды іске асыру кезінде «Самұрық-Қазына» қоры мен Жылжымайтын мүлік қоры Ұлттық қор қаражатының сақталуы мен қайтарымдылығы қағидаттарын басшылыққа алады.
      Пилоттық жобаларды іске асырудың бірден бір тетігі жеке құрылыс салушылардың (инвесторлардың) инвестициялық өтінімдері бойынша объектілердің құрылысын ұйымдастыру болып табылады.
      Пилоттық жобаларды іске асырған кезде Жылжымайтын мүлік қоры қатысатын объектілер құрылысының құны жобалау-сметалық құжаттамамен және мемлекеттік сараптаманың қорытындысымен анықталатын болады.
      Жылжымайтын мүлік қорының қатысуымен пилоттық жобаларды іске асырған кезде объектілер құрылысының құны жобалау-сметалық құжаттамамен және мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысымен расталуға тиіс. Құрылыс салу кезінде жер учаскесі мен осы жер учаскесінде орналасқан құрылыс объектісі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде үшінші тұлғаларға берілмеуі тиіс.
      Бір пәтердің жалпы алаңы 120 шаршы метрден артық болмауға тиіс.
      Тұрғын үйдің (пәтердің) жалпы алаңының 1 шаршы метрін салудың базалық құны 2011 жылғы бағамен жайлылығы 3-ші сыныптағы тұрғын үй объектілерінде Астана қаласында 150 000 теңгеден және Шымкент қаласында 120 000 теңгеден аспайды.
      Үй-жайларды сату тікелей сату, жалға беру және сатып алу құқығымен жалға беру тетіктері арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл ретте Жылжымайтын мүлік қорының тұрғын үйдің (пәтердің) жалпы алаңының 1 шаршы метрін тікелей сатуының базалық құны Шымкент қаласында 144 000 теңгеден және Астана қаласында 180 000 теңгеден аспайды. Үй-жайларды сатып алу құқығымен жалға беруді іске асыру төлемдерді өтеудің аннуитеттік немесе саралау әдістері қолданыла отырып, құрылыстың құнына жылдық 10 пайыз мөлшерінде жыл сайынғы сыйақы ставкасын қолданумен жүзеге асырылатын болады. Үй-жайларды жалға беру жалдау төлемдерін өтеудің мерзімсіз аннуитеттік әдісі қолданыла отырып, құрылыстың құнына жылдық 15 пайыз мөлшерінде жыл сайынғы сыйақы ставкасын қолданумен жүзеге асырылатын болады.
      Жылжымайтын мүлік қорының тұрғын үй объектілерін салуға арналған пилоттық жобаларға инвестицияларының жалпы сомасы 17,1 млрд теңгені құрайды. Бұл ретте тұрғын үйге қажеттілікке байланысты осы өңірлер бойынша Жылжымайтын мүлік қорының мынадай лимиттері бекітілді: Астана қаласы - 11,7 млрд. теңге, Шымкент қаласын - 5,4 млрд. теңге.
      Жергілікті атқарушы органдар пилоттық жобаларға арналған жер учаскелерін қажетті инженерлік желілермен және көше-жол инфрақұрылымымен қамтамасыз етеді.
      Жылжымайтын мүлік қорының пилоттық жобаларды іске асыруы 2011 - 2013 жылдары 146 мың шаршы метр, оның ішінде 2012 жылы - 91 мың шаршы метр, 2013 жылы - 55 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беруге мүмкіндік береді.
      Жылжымайтын мүлік қорына Пилоттық жобаларды іске асыру үшін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры Ұлттық қордың қаражаты есебінен 17,1 млрд. теңге сомасында жаңартылмайтын кредиттік желі береді. Кредиттік желіні игеру құрылыс объектісін қаржыландыру жоспарларына сәйкес транштармен жүзеге асырылатын болады.»;
      «Қажетті ресурстар» деген 6-бөлімде:
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Республикалық бюджет есебінен қаржыландыру көлемі мемлекеттік кредиттік және жалға берілетін тұрғын үйлерді салуға, тұрғын үй құрылысы жинақтары жүйесін дамытуға, ҚТҚЖБ-ты қорландыруға, сондай-ақ инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жайластыруға 361613,4 млн. теңге, оның ішінде 2011 жылы - 124747,6 млн. теңгені, 2012 жылы - 145713,4 млн. теңгені, 2013 жылы - 51152,4 млн. теңгені, 2014 жылы - 40000 млн. теңгені құрайды.»;
      «Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже» деген 7-бөлімде:
      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «2011 - 2014 жылдары республикалық, бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер есебінен 545,1 мың шаршы метр, оның ішінде 2011 жылы - 133,4 мың шаршы метр, 2012 жылы - 141,6 мың шаршы метр, 2013 жылы - 134,8 мың шаршы метр, 2014 жылы - 135,3 мың шаршы метр жалға берілетін (коммуналлық) тұрғын үй салынатын болады;»;
      «539,5» және «136,0» деген сандар тиісінше «545,1» және «141,6» деген сандармен ауыстырылсын:
      Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2011 -2014 жылдарға арналған бағдарламасына 1-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің     
2011 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 1524 қаулысымен 
бекітілген    

Қазақстан Республикасындағы
тұрғын үй құрылысының 
2011-2014 жылдарға 
арналған бағдарламасына
1-қосымша      

8. Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының
2011 - 2014 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру
жөніндегі іс-шаралар жоспары

2010-2014 ЖЫЛДАР КЕЗЕҢІНЕ АРНАЛҒАН ІС ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

Іс-шаралар

Орындау мерзімі

Жауапты орындаушылар

Болжанатын шығыстар, млн. тг.

Қаржыландыру көздері

Аяқталу нысаны

1

2

3

4

5

6

Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға кредиттер беру

2012-2014жылдар 1-тоқсан

ҚТКШІА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ЖАО-сы

80 842,7, оның ішінде:
2011 ж - 28 776, 9
2012 ж. - 42 413,4
2013 ж. - 9 652,4*

Республикалық бюджет

ҚРҮ-ге, ЭДСМ-ге ақпарат

Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салуға және (немесе) сатып алуға берілетін нысаналы даму трансферттері

2012-2015 жылдар 1-тоқсан

ҚТКШІА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ЖАО-сы

40 900, оның ішінде:
2011 ж. - 10 900
2012 ж. - 10 000
2013 ж. - 10 000
2014 ж. - 10 000

Республикалық бюджет

ҚРҮ-ге, ЭДСМ-ге ақпарат

Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін ҚТҚЖБ кредит беру

2013 ж. і-тоқсан

ҚТКШІА, ҚТҚЖБ

26 500

Республикалық бюджет

ҚРҮ-ге, ЭДСМ-ге ақпарат

ҚТҚЖБ жарғылық капиталын ұлғайту

2012-2013 жылдар 1-тоқсан

ҚТКШІА, ҚТҚЖБ

78 300, оның ішінде:
2011 ж - 57 000
2012 ж - 21 300

Республикалық бюджет

ҚРҮ-ге, ЭДСМ-ге ақпарат

Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға, жайластыруға және (немесе) сатып алуға берілетін нысаналы даму трансферттері, оның ішінде

2012-2015 жылдар 1-тоқсан

ҚТКШІА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ЖАО-сы

135 070,7, оның ішінде:
2011 ж.- 28 070,7
2012 ж.- 45 500
2013 ж.- 31 500*
2014 ж.- 30 000*

Республикалық бюджет

ҚРҮ-ге, ЭДСМ-ге ақпарат

инженерлік- коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту, жайластыру және (немесе) сатып алу

2012-2015 жылдар 1-тоқсан

ҚТКШІА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ЖАО-сы

120 270,7, оның ішінде:
2011 ж.- 20 270,7
2012 ж.- 40 000
2013 ж.- 30 000*
2014 ж.- 30 000*

Республикалық бюджет

ҚРҮ-ге, ЭДСМ-ге ақпарат

Алматы және Астана қалаларының серіктес қалаларын дамыту

2012-2014 жылдар 1-тоқсан

ҚТКШІА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ЖАО-сы

14 800, оның ішінде:
2011 ж.- 7 800
2012 ж.- 5 500
2013 ж.- 1 500*
 

Республикалық бюджет

ҚРҮ-ге, ЭДСМ-ге ақпарат