Кейбір мәдениет ұйымдарына "Академиялық" мәртебе беру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 1509 Қаулысы

      «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 21-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Астана қаласы Мәдениет басқармасының «Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық-драма театры» және Астана қаласы Мәдениет басқармасының «М. Горький атындағы орыс драма театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарына «Академиялық» мәртебе берілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов