"Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1345 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 желтоқсандағы № 1446 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 546 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде:
      11-тармақтың 24) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "24) мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер немесе мемлекеттік ислам бағалы қағаздары түрінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарын шығару;».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов