Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 желтоқсандағы № 1439 Қаулысы

      Ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру және басқару жүйесін оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері қайта ұйымдастырылсын.
      2. «Қарағанды облысы Ішкі істер департаментінің 4-бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Қарағанды облысының Ішкі істер департаменті Приозерск қаласының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
      3. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:
      12-тармақтың 9), 10) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) криминалдық, әкімшілік полицияның және ішкі істер, Ішкі әскерлер органдарының, әскери-тергеу органдарының, әскери полицияның, Министрліктің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің өзге де қызметтерінің және көліктегі ішкі істер органдары бөліністерінің қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
      10) криминалдық, әкімшілік полицияның және полицияның өзге қызметтерінің, сондай-ақ Ішкі әскерлердің, әскери полицияның және әскери-тергеу органдарының, Министрліктің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің, көліктегі ішкі істер органдарының өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындайды;»;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 131-1-жолмен толықтырылсын:
      «Қарағанды облысының Ішкі істер департаменті Приозерск қаласының ішкі істер бөлімі.»;
      реттік нөмірлері 245, 246, 247, 248, 249, 250, 251, 252, 253, 254, 255, 256-жолдар алып тасталсын.
      4. «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
      «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:» деген 2-бөлімде:

      мына:
      «


Облыстық бюджеттер мен республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері есебінен ұсталатын ішкі істер органдарының әкімшілік полициясы, оның ішінде:

46553

                                                »

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «


Облыстардың бюджеттері мен республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері есебінен ұсталатын ішкі істер органдарының әкімшілік полициясы, оның ішінде:

46686

                                                »;

      мына:
      «


Ақмола облысының Ішкі істер департаменті

2733

                                                 »
      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «


Ақмола облысының Ішкі істер департаменті

2735

                                                »;

      мына:
      «


Ақтөбе облысының Ішкі істер департаменті

2362

                                                 »

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «


Ақтөбе облысының Ішкі істер департаменті

2364

                                                »;

      мына:
      «


Алматы қаласының Ішкі істер департаменті

4670

                                                »

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «


Алматы қаласының Ішкі істер департаменті

4691

                                                »;
      мына:
      «


Шығыс Қазақстан облысының Ішкі  істер департаменті

4470

                                                »

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «


Шығыс Қазақстан облысының Ішкі  істер департаменті

4486

                                                »;

      мына:
      «


Қарағанды облысының Ішкі істер департаменті

5025

                                                 »

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «


Қарағанды облысының Ішкі істер департаменті

5097

                                                »;

      мына:
      «


Қызылорда облысының Ішкі істер департаменті

1749

                                                »

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «


Қызылорда облысының Ішкі істер департаменті

1753

                                               »;

      мына:
      «


Маңғыстау облысының Ішкі істер департаменті

1891

                                                 »

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «


Маңғыстау облысының Ішкі істер департаменті

1893

                                                 »;

      мына:
      «


Солтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті

2172

                                                   »

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «


Солтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті

2174

                                                   »;

      мына:
      «


Оңтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті

4402

                                                  »

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «


Оңтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті

4414

                                                  ».

      5. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі өңірлердің жергілікті атқарушы органдарымен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      6. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2011 жылғы 3 желтоқсандағы
№ 1447 қаулысына  
қосымша     

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қайта ұйымдастырылатын аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі

      1. Ақмола облысы Ішкі істер департаментінің 4-бөлімі Ақмола облысының Ішкі істер департаментіне қосылу жолымен.
      2. Ақтөбе облысы Ішкі істер департаментінің 4-бөлімі Ақтөбе облысының Ішкі істер департаментіне қосылу жолымен.
      3. Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің 4-бөлімі және Алматы облысы Ішкі істер департаменті 4-бөлімі Алматы қаласының Ішкі істер департаментіне қосылу жолымен.
      4. Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің 4-бөлімі Шығыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаментіне қосылу жолымен.
      5. Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің 5-бөлімі Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті Курчатов қаласының полиция бөліміне қосылу жолымен.
      6. Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің 4-бөлімі Қызылорда облысының Ішкі істер департаментіне қосылу жолымен.
      7. Маңғыстау облысы Ішкі істер департаментінің 4-бөлімі Маңғыстау облысының Ішкі істер департаментіне қосылу жолымен.
      8. Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің 4-бөлімі Солтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаментіне қосылу жолымен.
      9. Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің 4 және 5-бөлімдері Оңтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаментіне қосылу жолымен.