"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысына езгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1425 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.08.2022 № 581 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 40, 522-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ережеде:

      14-тармақта:

      13) тармақшаның бесінші абзацы алынып тасталсын;

      22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "22) білім беру жүйесінде білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру қызметін жүзеге асыруының Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін және білім беру қызметін лицензиялауға қойылатын біліктілік талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау;".

      2. Осы қаулы 2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов