Қорғаныс мұқтажы үшін жер учаскесін беру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 қарашадағы № 1361 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 13-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қызылорда облысы Қызылорда
қаласының жерінен жалпы алаңы 3,8 гектар жер учаскесі қорғаныс мұқтажы үшін тұрақты жер пайдалану құқығында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің «6506 әскери бөлімі» мемлекеттік мекемесіне берілсін.
      2. Қызылорда облысының әкімі және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 21 қарашадағы
№ 1361 қаулысына  
қосымша       

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі
әскерлерінің «6506 әскери бөлімі» мемлекеттік
мекемесіне берілетін жердің экспликациясы

Жер учаскесінің жалпы алаңы, гектар

Жер учаскесінің нысаналы мақсаты

Жер учаскесі орналасқан жер

3,8

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің «6506 әскери бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бесінші атқыштар ротасын орналастыру үшін

Қызылорда облысы Қызылорда қаласы Жібек жолы көшесі, нөмірсіз үй