Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Базалық лауазымдық жалақының мөлшерін бекіту туралы" 2000 жылғы 25 қаңтардағы № 123 және "Базалық лауазымдық айлықақының мөлшерін бекіту туралы" 2003 жылғы 14 қаңтардағы № 8 қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 қарашадағы № 1359 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Базалық лауазымдық жалақының мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 25 қаңтардағы № 123қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 3, 48-құжат);
      2) «Базалық лауазымдық айлықақының мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 14 қаңтардағы № 8 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 1, 5-құжат).
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов