Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.10.2015 № 829 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Экономиканың түрлі саласындағы (аясындағы) концессия үлгі шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 19 желтоқсандағы № 1326 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Экономиканың түрлі саласындағы (аясындағы) концессияның жаңа объектісін салуға және пайдалануға арналған үлгі шартта:
19-тармақта:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) объектіні
______________________________________________________________
(салуды, салуды және пайдалануды - керегі көрсетілсін)
жүзеге асырған кезде басым тәртіппен Қазақстан Республикасында шығарылған жабдықтар мен материалдарды кемінде _____ % көлемінде пайдалануға;»;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) объектіні
______________________________________________________________
(салу, салу және пайдалану - керегі көрсетілсін)
жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде қазақстандық кадрларға басымдық беруге. Бұл ретте қазақстандық кадрларды тарту жұмысқа тартылған кадрлардың жалпы санына пайыздық қатынаста мердігерлік жұмыстардағы персоналды қоса алғанда, басшылық құрам бойынша _____ %, жоғары және орта кәсіптік білімі бар мамандар бойынша _____ %, білікті жұмысшылар бойынша _____ % құрауы тиіс;»;
мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
«10-1) жыл сайын, сатып алуды өткізу жоспарланған жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың алдағы жылға арналған жылдық бағдарламасын және индустриялық саясатты мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілетті органға олар белгілеген нысан бойынша және мерзімде сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы ақпаратты ұсынуға;»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Экономиканың түрлі саласындағы (аясындағы) мемлекеттік меншік объектісін концессияға беру жөніндегі үлгі шартта:
16-тармақ:
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) объекті қызметін жүзеге асыру кезінде қазақстандық қамту бойынша талаптарды көздеуге, оның ішінде қазақстандық қамту мөлшерімен кемінде тауарларға қатысты ____%, жұмыстарға қатысты ____%, көрсетілетін қызметтерге қатысты ____ %;»;
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) жыл сайын, сатып алуды өткізу жоспарланған жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың алдағы жылға арналған жылдық бағдарламасын және индустриялық саясатты мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілетті органға олар белгілеген нысан бойынша және мерзімде сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы ақпаратты ұсынуға;».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов