Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.09.2014 № 1011 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 38, 439-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ережеде:
13-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) темір жол көлігі, электр және жылу энергетикасы, газ, мұнай өнімдерін өндіру, мұнайды тасымалдау, азаматтық авиация, порт қызметі саласындағы реттелетін нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) бағаларды реттеу;»;
14-тармақтың 2) тармақшасында:
отыз бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«темір жол көлігі, электр және жылу энергетикасы, газ, мұнай өнімдерін өндіру, мұнайды тасымалдау, азаматтық авиация, порт қызметі саласындағы реттелетін нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) бағаларды реттеуді;»;
«қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерді қоспағанда, мұнай өнімдерін өндірушілердің инвестициялық бағдарламаларын келісуді;
мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тәртіпке сәйкес бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті бағаларды белгілеуді;»;
20-тармақтың 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті бағаларды белгілеу туралы;»;
20-тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«темір жол көлігі, электр және жылу энергетикасы, газ, мұнай өнімдерін өндіру, мұнайды тасымалдау, азаматтық авиация, порт қызметі саласындағы реттелетін нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) бағаларды реттеу жөніндегі мәселелерді қарау;».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов