Әлеуметтік маңызы бар қызметтердің өлшемдерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қарашадағы № 1334 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 6 тамыздағы № 799 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 06.08.2013 № 799 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 1-бабының 2-10-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берiлiп отырған әлеуметтік маңызы бар қызметтердің өлшемдері бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2011 жылғы 14 қарашадағы
№ 1334 қаулысымен  
бекітілген     

Әлеуметтік маңызы бар қызметтердің өлшемдері

1. Жалпы ережелер

      1. Осы әлеуметтік маңызы бар қызметтердің өлшемдері (бұдан әрі – Өлшемдер) «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңына сәйкес мемлекеттік қызметтерді әлеуметтік маңызы бар қызметтерге жатқызу үшін әзірленген.
      2. Осы Өлшемдерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) әлеуметтік маңызы бар қызмет – жеке және (немесе) заңды тұлғалардың әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік қызмет көрсету;
      2) есепті кезең – 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейінгі күнтізбелік жыл.
      3. Мемлекеттік қызмет сапалық және сандық өлшемдерге сәйкес келген жағдайда әлеуметтік маңызы бар қызмет болып танылады.

2. Сапалық өлшем

      4. Әлеуметтік маңызы бар қызметтердің сапалық өлшемі мынадай салалардың бірінде мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады:
      1) Қазақстан Республикасының халқын әлеуметтік қамсыздандыру, қызмет көрсету және қорғау;
      2) Қазақстан Республикасының халқын жұмысқа орналастыру, жұмыспен қамту;
      3) денсаулық сақтау;
      4) білім беру;
      5) тұрғын үй қатынастары;
      6) кәсіпкерлік қызмет.

3. Сандық өлшем

      5. Есепті кезең ішіндегі мемлекеттік қызмет алу үшін өтініштер саны әлеуметтік маңызы бар қызметтердің сандық өлшемі болып табылады:
      1) жеке тұлғалар үшін – 350 мың және одан көп өтініш;
      2) заңды тұлғалар үшін – 10 мың және одан көп өтініш.