"Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті лицензиялау және оған қойылатын біліктілік талаптары мәселелері" турал

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 қарашадағы № 1328 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 1 ақпандағы № 81 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 13.03.2013 № 239 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Жеке сот орындаушыларының қызметін лицензиялау қағидасын және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 ақпандағы № 181 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 21, 268-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жеке сот орындаушыларының қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы»;
      1-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын.
      2. Осы қаулы 2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов